https://sputnik.kz/20250128/qazaqstandyq-ushaqtarga-qustardyn-sogylu-faktisi-30-ke-artqan-50367098.html
Оралдан Астанаға ұшқан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысып қалды
Оралдан Астанаға ұшқан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысып қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Орал - Астана бағыты бойынша FlyArystan FS 7366 әуекомпаниясының рейсі орындаған ұшақ Орал қаласының әуежайынан ұшқан кезде құстар... 28.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-28T19:58+0500
2025-01-28T19:58+0500
2025-01-28T19:59+0500
ұшақ
құс
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48363539_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3a647443674b8b291dee4b2500d0b13c.jpg.webp
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Орал - Астана бағыты бойынша FlyArystan FS 7366 әуекомпаниясының рейсі орындаған ұшақ Орал қаласының әуежайынан ұшқан кезде құстар тобымен соқтығысқан, деп хабарлайды Air Astana компаниясы. Абырой болғанда ұшақ Астанаға аман-есен қонды. Air Astana компаниялар тобы авиациялық қауіпсіздікке құстардың жиі қауіп төндіретінін айтты. "Елдегі мұндай оқыс оқиғалардың деңгейі, IATA деректері бойынша, әлемдік көрсеткіштен едәуір асып түседі. 2024 жылы Air Astana компаниялар тобында 10 000 ұшуға құстармен соқтығысу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ке өсіп, 203 оқиғаны құрады", - дейді ведомство. Air Astana әуежайларды ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптерді тиімді төмендету үшін қоршаған ортаны бақылау мен басқаруды қоса алғанда, белсенді шараларды енгізуге шақырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/07/48363539_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5baf50be934fe0798f82be0356c3de92.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, құс
Оралдан Астанаға ұшқан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысып қалды
19:58 28.01.2025 (жаңартылды: 19:59 28.01.2025) АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Орал - Астана бағыты бойынша FlyArystan FS 7366 әуекомпаниясының рейсі орындаған ұшақ Орал қаласының әуежайынан ұшқан кезде құстар тобымен соқтығысқан, деп хабарлайды Air Astana компаниясы.
Абырой болғанда ұшақ Астанаға аман-есен қонды.
"Ұшақ келгеннен кейін сол қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымданулар анықталды, сондай-ақ қозғалтқышта және басқа жерлерде құстардың қалдықтары табылды. Орал әуежайында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНК-тестілеуге жіберіледі", - дейді компания.
Air Astana компаниялар тобы авиациялық қауіпсіздікке құстардың жиі қауіп төндіретінін айтты.
"Елдегі мұндай оқыс оқиғалардың деңгейі, IATA деректері бойынша, әлемдік көрсеткіштен едәуір асып түседі. 2024 жылы Air Astana компаниялар тобында 10 000 ұшуға құстармен соқтығысу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ке өсіп, 203 оқиғаны құрады", - дейді ведомство.
Air Astana әуежайларды ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптерді тиімді төмендету үшін қоршаған ортаны бақылау мен басқаруды қоса алғанда, белсенді шараларды енгізуге шақырады.