https://sputnik.kz/20260202/qazaqstanda-qumar-oyyn-uyymdastyrgan-aqsh-pen-ukraina-azamattaryna-izdeu-zhariyalandy-60863935.html
Қазақстанда құмар ойын ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды
Қазақстанда құмар ойын ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды
Sputnik Қазақстан
Олар сыбайластарды іріктеп, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен өзара әрекет жүргізген 02.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-02T12:37+0500
2026-02-02T12:37+0500
2026-02-02T12:39+0500
халықаралық іздеу
құмар ойын
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстанда заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған шетелдіктерге іздеу жарияланды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.Атап айтқанда 1970 жылдың 27 маусымында туған АҚШ азаматы Дмитры Дружинскы мен 1985 жылдың 8 қарашасында туған Украина азаматы Марина Левковичке іздеу жарияланды.Соттың санкциясымен оларға сырттай "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктілер Қазақстан аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған.Дружинскы мен Левкович координаторлық функцияларды атқарған. Олар сыбайластарды іріктеп, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен өзара әрекет жүргізген. Сондай-ақ ақша қабылдайтын және шығаратын төлем инфрақұрылымын құрып, оның жұмыс істеуіне қатысқан."Заңсыз қызметті бүркемелеу мақсатында "PIN-UP.KZ" брендімен букмекерлік қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алған "Бонами" ЖШС заңды тұлғасы құрылған. Қаржылық сүйемелдеу үшін онлайн-казиноның төлем агрегаторлары функцияларын атқарған "Gold Pay" ЖШС және "Cyber Pay" ЖШС қоса алғанда, төлем ұйымдарының желісі тіркелді", - дейді қаржылық мониторинг агенттігінде.Онлайн-казино клиенттерінен түскен қаражат транзиттік шоттарда жинақталып, кейін электрондық ақша операцияларына лицензиясы бар байланысы компаниялар арқылы криптовалютаға айырбасталған.
https://sputnik.kz/20260114/bloger-qaysar-qamzaga-ne-ushin-izdeu-zhariyalangany-belgili-boldy-60374964.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
халықаралық іздеу, құмар ойын, қылмыс
халықаралық іздеу, құмар ойын, қылмыс
Қазақстанда құмар ойын ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды
12:37 02.02.2026 (жаңартылды: 12:39 02.02.2026) Олар сыбайластарды іріктеп, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен өзара әрекет жүргізген
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстанда заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған шетелдіктерге іздеу жарияланды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг
агенттігі.
Атап айтқанда 1970 жылдың 27 маусымында туған АҚШ азаматы Дмитры Дружинскы мен 1985 жылдың 8 қарашасында туған Украина азаматы Марина Левковичке іздеу жарияланды.
Соттың санкциясымен оларға сырттай "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктілер Қазақстан аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған.
"Тергеу барысында "PIN-UP" және "PINCO" брендіндегі онлайн казинолардың қызметін шетелден аффилирленген компаниялар желісі арқылы жұмыс істейтін жеке тұлғалар тобы ұйымдастырғаны анықталды", - дейді агенттікте.
Дружинскы мен Левкович координаторлық функцияларды атқарған. Олар сыбайластарды іріктеп, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен өзара әрекет жүргізген. Сондай-ақ ақша қабылдайтын және шығаратын төлем инфрақұрылымын құрып, оның жұмыс істеуіне қатысқан.
"Заңсыз қызметті бүркемелеу мақсатында "PIN-UP.KZ" брендімен букмекерлік қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алған "Бонами" ЖШС заңды тұлғасы құрылған. Қаржылық сүйемелдеу үшін онлайн-казиноның төлем агрегаторлары функцияларын атқарған "Gold Pay" ЖШС және "Cyber Pay" ЖШС қоса алғанда, төлем ұйымдарының желісі тіркелді", - дейді қаржылық мониторинг агенттігінде.
Онлайн-казино клиенттерінен түскен қаражат транзиттік шоттарда жинақталып, кейін электрондық ақша операцияларына лицензиясы бар байланысы компаниялар арқылы криптовалютаға айырбасталған.