Ақмола облысына Ресейден қалмақ тұқымды 4300 бас ірі қара әкелінді

© Photo : акимат Акмолинской областиҚалмақ тұқымды ірі қара
Қалмақ тұқымды ірі қара - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2026
Жазылу
Әкімдік тағы 5 мың бас асыл тұқымды аналық мал әкелу жоспарлап отыр
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Ақмола облысына қалмақ тұқымды 4 300 бас ірі қара әкелінді, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Асыл тұқымды ірі қара жоғары өнімділігімен және климаттық жағдайларға төзімділігімен ерекшеленеді. Барлық мал ветеринариялық есепке қойылды.
"Ресей Федерациясынан тағы 5 мың бас асыл тұқымды аналық мал әкелу жоспарланып отыр. 2031 жылға дейін асыл тұқымды репродукторлардағы ірі қара мал санын 22,5 мың басқа дейін жеткізу және бордақылау кешенінің қуаттылығын 30 мың басқа дейін арттыру көзделген", - деді Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.
Бұл ет кластерін құру жоғары сапалы сиыр еті нарығындағы позицияларды нығайтуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Ерейментау ауданында ірі бордақылау алаңдары жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден 550 басқа дейінгі орта және ірі ет бағытындағы бірқатар шаруашылықтар бар.
Сиырлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Алматы облысына Даниядан мыңға жуық сиыр жеткізілді
Жаңалықтар
0