https://sputnik.kz/20251224/almaty-oblysyna-daniyadan-mynga-zhuyq-siyr-zhetkizildi-59900379.html
Алматы облысына Даниядан мыңға жуық сиыр жеткізілді
Алматы облысына Даниядан мыңға жуық сиыр жеткізілді
Sputnik Қазақстан
Осы жылдың желтоқсанында Ресей Федерациясынан 443 бас ірі қара мал жеткізілді 24.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-24T16:35+0500
2025-12-24T16:35+0500
2025-12-24T16:36+0500
алматы облысы
сүт өнімдері
ірі қалалар
https://sputnik.kz/img/07e9/07/08/55468806_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_8ac633389298c913b7189226122ae79a.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысына Даниядан 956 бас Голштин-Фриз сиырлары жеткізілді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Бірінші рет шетелден аймаққа әуе көлігі арқылы 956 бас жоғары өнімді "Голштин-Фриз" және "Джерси" ірі қара мал жеткізілді.Сиырлар Алматы халықаралық әуежайы арқылы жеткізіліп, Талғар ауданындағы өндірістік кооперативтің базасына орналастырылды.Сүтті мал шаруашылығымен айналысатын бұл кооперативте қазір 2 593 бас асыл тұқымды ірі қара мал бар.Жобаны толық жүзеге асыру Талғар ауданында сүт өндірісін екі есе арттыруға, ал Алматы облысы бойынша сүт өнімдерінің өндірісі мен жеткізілімін 20%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.Болашақта кооператив шетелден сатып алынатын асыл тұқымды ірі қараның жалпы санын 2 000 басқа жеткізуді жоспарлап отыр.
https://sputnik.kz/20251204/qazaqstan-siyr-etin-eksporttauga-zhyl-sonyna-deyin-kvota-engizdi-59338459.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/08/55468806_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_190b1b963d869ef0d298c2642510c244.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, сүт өнімдері, ірі қалалар
алматы облысы, сүт өнімдері, ірі қалалар
Алматы облысына Даниядан мыңға жуық сиыр жеткізілді
16:35 24.12.2025 (жаңартылды: 16:36 24.12.2025) Осы жылдың желтоқсанында Ресей Федерациясынан 443 бас ірі қара мал жеткізілді
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысына Даниядан 956 бас Голштин-Фриз сиырлары жеткізілді, деп хабарлады облыстық
әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бірінші рет шетелден аймаққа әуе көлігі арқылы 956 бас жоғары өнімді "Голштин-Фриз" және "Джерси" ірі қара мал жеткізілді.
Сиырлар Алматы халықаралық әуежайы арқылы жеткізіліп, Талғар ауданындағы өндірістік кооперативтің базасына орналастырылды.Сүтті мал шаруашылығымен айналысатын бұл кооперативте қазір 2 593 бас асыл тұқымды ірі қара мал бар.
"Осы жылдың желтоқсанында Ресей Федерациясынан 443 бас ірі қара мал жеткізілді, оның ішінде 152 бас "Голштин-Фриз" асыл тұқымды сиыр және 291 бас "Джерси" сиыры бар. Сонымен қатар, Дания Корольдігінен қосымша 513 бас асыл тұқымды ірі қара жеткізілді, оның ішінде 161 бас "Джерси" және 352 бас "Голштин-Фриз" тұқымдары бар", - дейді әкімдікте.
Жобаны толық жүзеге асыру Талғар ауданында сүт өндірісін екі есе арттыруға, ал Алматы облысы бойынша сүт өнімдерінің өндірісі мен жеткізілімін 20%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Болашақта кооператив шетелден сатып алынатын асыл тұқымды ірі қараның жалпы санын 2 000 басқа жеткізуді жоспарлап отыр.