https://sputnik.kz/20251204/qazaqstan-siyr-etin-eksporttauga-zhyl-sonyna-deyin-kvota-engizdi-59338459.html
Қазақстан сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізді
Қазақстан сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізді
Sputnik Қазақстан
Жаңа шаралар мен квоталарды ауыл шаруашылығы министрлігі енгізіп отыр 04.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-04T10:26+0500
2025-12-04T10:26+0500
2025-12-04T10:27+0500
сиыр
экспорт
квота
шектеу
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1a/53908346_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_0e0e26aa57c6de322b9b19687dd6d1aa.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара етін экспорттауға сандық шектеулер (квоталар) енгізетін бұйрықты жариялады.Құжат жаңа, салқындатылған және мұздатылған етке қатысты. Шектеу ЕАЭО елдеріне және үшінші мемлекеттерге экспортқа 13 мың тонна көлемінде енгізіледі.Министрлік квоталарды бөлу ережесін бекітті. Квота жеке және/немесе заңды тұлғаларға, соның ішінде экспорттық компанияларға бөлінеді. Олардың өздерінің ет өңдейтін зауыты болуға тиіс.Сонымен қатар қуаттылығы кемінде 5 мың бас ірі қара малды азықтандыруға жететін жеке мал жемдейтін алаңы болуы керек.Сондай-ақ сыртқы сауда келісімдері талап етіледі. Бұйрық 2025 жылғы 2 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін енгізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/1a/53908346_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_422af8630717764cc24899797a91e295.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сиыр, экспорт, квота, шектеу, еаэо
сиыр, экспорт, квота, шектеу, еаэо
Қазақстан сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізді
10:26 04.12.2025 (жаңартылды: 10:27 04.12.2025) Жаңа шаралар мен квоталарды ауыл шаруашылығы министрлігі енгізіп отыр
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара етін экспорттауға сандық шектеулер (квоталар) енгізетін бұйрықты жариялады.
Құжат жаңа, салқындатылған және мұздатылған етке қатысты. Шектеу ЕАЭО елдеріне және үшінші мемлекеттерге экспортқа 13 мың тонна көлемінде енгізіледі.
Министрлік квоталарды бөлу ережесін бекітті. Квота жеке және/немесе заңды тұлғаларға, соның ішінде экспорттық компанияларға бөлінеді. Олардың өздерінің ет өңдейтін зауыты болуға тиіс.
Сонымен қатар қуаттылығы кемінде 5 мың бас ірі қара малды азықтандыруға жететін жеке мал жемдейтін алаңы болуы керек.
"Ірі қара малдың жасы кемінде 12 айға толған, ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау базасында тіркелген, жемдеу ұзақтығы кемінде 4 ай болуы қажет. Сондай-ақ аталмыш малдың құлағында RFID радиожиілікті белгі болуға тиіс. Квота көлемі бөлінген кезде бір бас малға орташа салмақ ретінде 200 кг есепке алынады", - деп жазылған бұйрықта.
Сондай-ақ сыртқы сауда келісімдері талап етіледі. Бұйрық 2025 жылғы 2 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін енгізіледі.