Талдықорғанда теміржолда газ тиелген екі цистерна аударылды

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Железнодорожные пути
Железнодорожные пути  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2026
Жазылу
Газдың сыртқа төгілмеген
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik.Талдықорғанда теміржолда газ тиелген цистерналар аударылып қалды
Оқиға 31 қаңтар күні кешке Абылай хан көшесіндегі тұйық теміржол учаскесінде болған.
Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 21:23 шамасында пропан тиелген екі вагон рельстен шығып, бүйірімен құлаған. Газдың сыртқа шығуы тіркелмеген.
Оқиға орнына 25 құтқарушы мен 7 техника, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері жеткен. Жедел штаб құрылған. Теміржол төсеміне зақым келмеген, зардап шеккендер жоқ. Жағдай толық бақылауда.
Қауіпсіздік мақсатында қауіпті учаске уақытша қоршалды.
Жолаушылар пойызы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
Ұлытау облысында теміржолда төтенше жағдай болды: жолаушылар жарақат алды
Жаңалықтар
0