Ұлытау облысында теміржолда төтенше жағдай болды: жолаушылар жарақат алды

© Photo : Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"Жолаушылар пойызы, архивтегі фото
Жолаушылар пойызы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" АҚ теміржолда төтенше жағдай болғанын хабарлады.
Ұлытау облысында Қызылжар – Түйемойнақ өткелінде №107 Жезқазған-Астана бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі жүк вагонымен соқтығыспау үшін тежегішті шұғыл қолданды.

"24 тамызда сағат 21:38-де пойыз машинисі кедергіге 300 метр қалғанда 12 км/сағ жылдамдықпен жүк вагонының жолда болуына байланысты шұғыл тежеу қолданды", - деп жазылған хабарламада.

Локомотив бригадасының жедел және кәсіби әрекеті арқасында елеулі зардаптарды болдырмауға мүмкіндік туды. Зардап шеккендер жоқ, кейбір жолаушылар шұғыл тежеу салдарынан жеңіл жарақат алды.
Пойыз 23:14-те жүрісін жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотив зақымданған жоқ.
Оқиға себептері анықталуда. Мән-жайды анықтау үшін компанияның басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия оқиға орнына аттанып кетті.
2030 жылға дейін елдегі жолаушылар вагоны толық жаңартылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2025
2030 жылға дейін елдегі жолаушылар вагоны толық жаңартылады
Жаңалықтар
0