Астанада жыл басынан бері 8 сталкинг дерегі тіркелді

CC0 / / Человек в капюшоне на улице ночью
Человек в капюшоне на улице ночью - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2026
Жазылу
Елордада "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті
АСТАНА, 31 қаңтар - Sputnik. Астана полициясы "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1000-нан астам отбасын мекенжай бойынша аралады, деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.
Полицейлер қаланың барлық аудандарында тұрғын секторға кең ауқымды мекенжайлық тексеру жүргізді.
Полиция бақылауында тұрған отбасыларға, кәмелетке толмағандардың тұрмыс жағдайына, әйелдердің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ отбасында бұрын құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген тұлғаларға ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 80-нен астам құқық бұзушылық дерегі анықталды.
"Олардың қатарында отбасылық істер бойынша сот шешімдерін орындамау, ата-аналық міндеттерді тиісінше атқармау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуы, алкоголь өнімдерін заңсыз сату, қоғамдық орындарда мас күйде болу, сондай-ақ тіркеусіз тұру фактілері бар", - дейді полициядағылар.
Іс-шара барысында сталкингтің — адамның еркінен тыс қайталанатын және қудалаудың алдын алуға да ерекше назар аударылды. 2026 жылдың басынан бері елордада сталкингтің 8 дерегі тіркеліп, әрбір өтініш бойынша қажетті процессуалдық шаралар қабылданды.
Бір жарым жыл қудалаған: СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2026
Бір жарым жыл қудалаған: СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
Жаңалықтар
0