https://sputnik.kz/20260130/bir-zharym-zhyl-qudalagan-sqo-da-stalking-deregi-boyynsha-algashqy-ukim-shyqty-60794441.html
Бір жарым жыл қудалаған: СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
Бір жарым жыл қудалаған: СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
Sputnik Қазақстан
Жәбірленуші танысының үнемі бақылау жасап, жанжал шығаратынына шағымданған 30.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-30T09:38+0500
2026-01-30T09:38+0500
2026-01-30T09:40+0500
солтүстік қазақстан облысы
заң
үкім
петропавл
ер адам
полиция
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар-Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында "сталкинг" бойынша алғашқы үкім шықты.Петропавл қаласының тұрғынын бір жарым жылдан астам уақыт бойы 37 жастағы ер адам қудалаған. Жәбірленуші полицияға танысының үнемі бақылау жасап, көңіл бөлуін талап етіп, тіпті араласатын ортасына дейін жанжал шығаратынын хабарлаған.Бұған дейін ер адам жәбірленушінің атына балағат сөздер айтып, дене жарақатын келтіргені, сондай-ақ оның танысына шабуыл жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алайда, соған қарамастан, қудалауын тоқтатпаған. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда ҚК-нің 115-1-бабы "Сталкинг" күшіне енгеннен кейін, айыпталушы жәбірленушімен екі рет байланыс орнатуға әрекеттенген. Сол әрекеттердің бірі жәбірленуші подъезіне орнатқан бейнебақылау камерасына түсіп қалған.Жәбірленуші 22 қаңтар күні полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары қысқа мерзімде тергеу жүргізіп, материалдарды сотқа жолдады. Айта кетері, қаңтар айында облыста сталкингтің екі фактісі тіркелген, екіншісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20250924/turgynnyn-izine-tusken-atyrauda-algash-ret-stalking-baby-boyynsha-qylmystyq-is-tirkeldi-57338073.html
солтүстік қазақстан облысы
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, заң, үкім, петропавл, ер адам, полиция
солтүстік қазақстан облысы, заң, үкім, петропавл, ер адам, полиция
Бір жарым жыл қудалаған: СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
09:38 30.01.2026 (жаңартылды: 09:40 30.01.2026) Жәбірленуші танысының үнемі бақылау жасап, жанжал шығаратынына шағымданған
АСТАНА, 30 қаңтар-Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында "сталкинг" бойынша алғашқы үкім шықты.
Петропавл қаласының тұрғынын бір жарым жылдан астам уақыт бойы 37 жастағы ер адам қудалаған. Жәбірленуші полицияға танысының үнемі бақылау жасап, көңіл бөлуін талап етіп, тіпті араласатын ортасына дейін жанжал шығаратынын хабарлаған.
Бұған дейін ер адам жәбірленушінің атына балағат сөздер айтып, дене жарақатын келтіргені, сондай-ақ оның танысына шабуыл жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Алайда, соған қарамастан, қудалауын тоқтатпаған.
"Жәбірленуші тыныштығынан айырылып, қала ішінде еркін қозғалу мен адамдармен қарым-қатынас жасаудан қорқып қалған. Ол танысының әрекетінен өзімен араласатын өзге азаматтар да жапа шегуі мүмкін деп қауіптенген", -деп жазды полиция.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда ҚК-нің 115-1-бабы "Сталкинг" күшіне енгеннен кейін, айыпталушы жәбірленушімен екі рет байланыс орнатуға әрекеттенген. Сол әрекеттердің бірі жәбірленуші подъезіне орнатқан бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жәбірленуші 22 қаңтар күні полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары қысқа мерзімде тергеу жүргізіп, материалдарды сотқа жолдады.
"28 қаңтарда айыпталушыға қатысты үкім шығарылды. Ол 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сонымен қатар, оған алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынып, профилактикалық әңгімелесу үшін полицияға тұрақты түрде келу міндеттелді. Ең бастысы — жәбірленушімен кез келген байланысқа түсуіне қатаң тыйым салынды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Айта кетері, қаңтар айында облыста сталкингтің екі фактісі тіркелген, екіншісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.