https://sputnik.kz/20250924/turgynnyn-izine-tusken-atyrauda-algash-ret-stalking-baby-boyynsha-qylmystyq-is-tirkeldi-57338073.html
Әйелдердің терезесінен сығалаған: Атырауда сталкинг бойынша алғаш рет іс қозғалды
Әйелдердің терезесінен сығалаған: Атырауда сталкинг бойынша алғаш рет іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында алғаш рет "Сталкинг" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 24.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-24T16:03+0500
2025-09-24T16:03+0500
2025-09-24T16:14+0500
атырау
қылмыс
https://sputnik.kz/img/171/79/1717908_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_a0bb047237b5599210083bb382d45695.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында алғаш рет "Сталкинг" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Құрманғазы ауданында ер адам түнде әйелдің үйінің ауласына кіріп, терезесінен үңіліп, анайы әрекет жасаған.Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен әйел полицияға шағым түсірген.Полиция бастапқыда "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған. Алайда жәбірленушінің қосымша айғақтарынан кейін алғаш рет Қылмыстық кодекстің жаңа бабы - "Сталкинг" бойынша іс қозғалды.Анықталғандай, күдікті сол түні басқа әйелдерді де терезеден аңдыған.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 16 қыркүйектен бастап "Сталкинг" туралы заң күшіне енді. Ол 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуды, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 50 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырады.
https://sputnik.kz/20250916/politsiya-tagy-bir-qylmystyq-zhazanyn-engizilgenin-eskertti-57102769.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/171/79/1717908_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_ff5e39b1c1045dc66c488fb2dc93e9b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, қылмыс
Әйелдердің терезесінен сығалаған: Атырауда сталкинг бойынша алғаш рет іс қозғалды
16:03 24.09.2025 (жаңартылды: 16:14 24.09.2025) АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында алғаш рет "Сталкинг" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құрманғазы ауданында ер адам түнде әйелдің үйінің ауласына кіріп, терезесінен үңіліп, анайы әрекет жасаған.
Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен әйел полицияға шағым түсірген.
Полиция бастапқыда "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған. Алайда жәбірленушінің қосымша айғақтарынан кейін алғаш рет Қылмыстық кодекстің жаңа бабы - "Сталкинг" бойынша іс қозғалды.
"20 қыркүйекте Құрманғазы ауданында болған дерек бойынша күдіктіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, оған әкімшілік сотпен 60 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту шарасы қолданылған. Қазіргі уақытта жәбірленушінің өзге де дәлелдерді келтіруіне байланысты бұл іс қылмыстық іс ретінде тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Атырау облыстық полиция департаментіндегілер.
Анықталғандай, күдікті сол түні басқа әйелдерді де терезеден аңдыған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 16 қыркүйектен бастап "Сталкинг" туралы заң күшіне енді. Ол 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуды, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 50 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырады.