https://sputnik.kz/20260130/ubt-nyn-1-baly---7-myn-tenge-aqtobede-oqushydan-aqsha-algan-mugalim-sottaldy---60801825.html
"ҰБТ-дағы 1 балл - 7 мың теңге": Ақтөбеде оқушыдан ақша алған мұғалім сотталды
"ҰБТ-дағы 1 балл - 7 мың теңге": Ақтөбеде оқушыдан ақша алған мұғалім сотталды
Sputnik Қазақстан
Оқытушы әр баладан жарты млн теңге талап еткен 30.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-30T12:30+0500
2026-01-30T12:30+0500
2026-01-30T14:55+0500
ұбт
алаяқ
https://sputnik.kz/img/old/1078/50/10785004_0:343:1688:1293_1920x0_80_0_0_38fca827adc576d3851edc02577cbbc9.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Ақтөбеде ұлттық бірыңғай тестілеуден балл жинап берем деп ақша алған мұғалім сотталды, деп хабарлайды Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі. Ақтөбе қаласының №2 соты екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген айыппен мұғалімге қатысты қылмыстық істі қарады. Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
https://sputnik.kz/20251201/shetelge-oquga-tusiremin-astana-turgyny-50-den-astam-adamdy-aldagan-59268804.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1078/50/10785004_0:185:1688:1451_1920x0_80_0_0_31236aa217de7c5e5807079fb2ba9d5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, алаяқ
"ҰБТ-дағы 1 балл - 7 мың теңге": Ақтөбеде оқушыдан ақша алған мұғалім сотталды
12:30 30.01.2026 (жаңартылды: 14:55 30.01.2026) Оқытушы әр баладан жарты млн теңге талап еткен
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Ақтөбеде ұлттық бірыңғай тестілеуден балл жинап берем деп ақша алған мұғалім сотталды, деп хабарлайды Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.
Ақтөбе қаласының №2 соты екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген айыппен мұғалімге қатысты қылмыстық істі қарады.
"Сотталушы мектеп мұғалімі бола тұра, Ұлттық біріңғай тестілеуден өткізіп беремін деп, жәбірленушілермен сөйлесу барысында 1 балл 7 000 теңге болатынын жеткізіп, 80 балл жинау үшін әр қайсысы 560 000 тенгеден ұсынған", - дейді сот.
Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.