https://sputnik.kz/20251201/shetelge-oquga-tusiremin-astana-turgyny-50-den-astam-adamdy-aldagan-59268804.html
Шетелге оқуға түсіремін: Астана тұрғыны 50-ден астам адамды алдаған
Шетелге оқуға түсіремін: Астана тұрғыны 50-ден астам адамды алдаған
Sputnik Қазақстан
Сот үкімімен ол 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды 01.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-01T16:12+0500
2025-12-01T16:12+0500
2025-12-01T16:31+0500
прокуратура
астана
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1064/22/10642213_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_6795710fa3f933acfc09dddedc535203.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Елордада әйел 50-ден астам азаматты сан соқтырған, деп хабарлады бас прокуратура.Алайда уәде етілген сертификаттар берілмеген, ал шетелге оқуға түсу іс жүзінде орындалмаған. Оның компаниясында тіпті білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін халықаралық аккредитациясы болмаған.Мәселен, халықаралық сертификатты алып, баласын Еуропада білім алуға дайындатуға ниет білдірген жәбірленушілердің бірі 3 млн теңгеге жуық шығынға ұшырады."Кінәлінің өзіне жүктелген міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмағаны, ал жәбірленушілермен келісімшартты қылмыстық ниетін орындау мақсатында жасағаны және ұрланған ақша қаражатын өзінің жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны дәлелденді", - дейді прокуратурадағылар.Әйел өзіне тағылған айыпты мойындамады.Сот үкімімен ол 7 жылға оқу орындарын ұйымдастыруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
https://sputnik.kz/20251128/zhetisu-oblysynda-40-mln-tengeden-astam-somaga-nesie-rasimdegen-alayaq-sottaldy-59186881.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1064/22/10642213_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_5339b5ab4f0854d3aad219f4147b87a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, астана, алаяқтық
прокуратура, астана, алаяқтық
Шетелге оқуға түсіремін: Астана тұрғыны 50-ден астам адамды алдаған
16:12 01.12.2025 (жаңартылды: 16:31 01.12.2025) Сот үкімімен ол 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Елордада әйел 50-ден астам азаматты сан соқтырған, деп хабарлады бас прокуратура.
"Астана тұрғыны білім беру саласында қызмет көрсетеміз деген желеумен 52 азаматтың жалпы сомасы 152 млн теңге қаражатын иемденген. Кінәлі тұлға білім беру орталығының негізін қалаушы болған. Ол әлеуметтік желідегі аккаунттар және бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалар арқылы адамдарға Еуропадағы жоғарғы оқу орындарына түсіруді және шетелде бір жылдық тіл білімінен босатуға мүмкіндік беретін халықаралық сертификаттарды беруге уәде етіп, курстарға жазылуды ұсынған", - деп жазылған хабарламада.
Алайда уәде етілген сертификаттар берілмеген, ал шетелге оқуға түсу іс жүзінде орындалмаған. Оның компаниясында тіпті білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін халықаралық аккредитациясы болмаған.
Мәселен, халықаралық сертификатты алып, баласын Еуропада білім алуға дайындатуға ниет білдірген жәбірленушілердің бірі 3 млн теңгеге жуық шығынға ұшырады.
"Кінәлінің өзіне жүктелген міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмағаны, ал жәбірленушілермен келісімшартты қылмыстық ниетін орындау мақсатында жасағаны және ұрланған ақша қаражатын өзінің жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны дәлелденді", - дейді прокуратурадағылар.
Әйел өзіне тағылған айыпты мойындамады.
Сот үкімімен ол 7 жылға оқу орындарын ұйымдастыруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.