"Тағайындаған адам жауапқа тартылады": құқық қорғау саласына қатысты өзгерістер мақұлданды

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаПолиция қызметкері
Полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2026
Жазылу
Түзетулер парламенттте қабылданғаннан кейін президенттің қол қоюына жіберіледі
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Сенат депутаттары құқық қорғау қызметі туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заңға қызметкерді бұзушылықтар анықталған кезде лауазымға соңғы рет тағайындалған кезінен бастап үш жыл ішінде оны лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағына қабылдау бойынша түзетулер енгізіліп отыр.
Сондай-ақ құқық қорғау органы басшысының өзіне сеніп тапсырылған органдағы кадр жұмысында анықталған бұзушылық үшін жауаптылығы күшейтіледі.

"Егер, қызметкер ауыстыру кезінде талаптар бұзыла отырып тағайындалған болса, онда тағайындаған адам тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - делінген заң жобасының қорытындысында.

Айта кетері, түзетулер парламенттте қабылданғаннан кейін президенттің қол қоюына жіберіледі.
Кредит беру тәртібі өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Кредит беру тәртібі өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды
Жаңалықтар
0