https://sputnik.kz/20260129/almatyda-aspaly-zholdardyn-sany-62-ge-deyin-kobeyedi-60780271.html
Алматыда аспалы жолдардың саны 62-ге дейін көбейеді
Алматыда аспалы жолдардың саны 62-ге дейін көбейеді
Sputnik Қазақстан
Алматыдағы тау шаңғысы трассалары 250 шақырымнан аса ұзарады 29.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-29T15:29+0500
2026-01-29T15:29+0500
2026-01-29T15:34+0500
президент
әкім
алматы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1b/33292563_0:74:1440:884_1920x0_80_0_0_d381f6fb8cd39829833df54177dc792b.jpg
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды.Дархан Сатыбалды былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілгенін және мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түскенін айтты.Қала басшысы мегаполистің бірнеше орталығын дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық бастамаларды таныстырып, Алматы қаласының заманауи көлік жүйесін қалыптастыру жөнінде мәлімет берді.Қазіргі кезде "Медеу" базалық станциясы арқылы "Шымбұлақ" және "Ой-Қарағай" курорттарын біріктіруді көздейтін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды.Мемлекет басшысы Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, қаланың орнықты көлік және туристік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ қала ортасының сапасы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20251217/shymbulaq-pen-oy-qaragay-kurorttary-aspaly-zhol-arqyly-biriktiriledi-59662895.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1b/33292563_82:0:1358:957_1920x0_80_0_0_dfb533206d770cc793a719d3c41826fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, әкім, алматы
Алматыда аспалы жолдардың саны 62-ге дейін көбейеді
15:29 29.01.2026 (жаңартылды: 15:34 29.01.2026) Алматыдағы тау шаңғысы трассалары 250 шақырымнан аса ұзарады
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды.
Дархан Сатыбалды былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілгенін және мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түскенін айтты.
Қала басшысы мегаполистің бірнеше орталығын дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық бастамаларды таныстырып, Алматы қаласының заманауи көлік жүйесін қалыптастыру жөнінде мәлімет берді.
Қазіргі кезде "Медеу" базалық станциясы арқылы "Шымбұлақ" және "Ой-Қарағай" курорттарын біріктіруді көздейтін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды.
"Аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде аспалы жолдардың саны 16-дан 62-ге дейін көбейеді, тау шаңғысы трассалары 250 шақырымнан аса ұзарады, ал демалыс аймақтары тәулігіне 40 мың адамға дейін қабылдай алатын деңгейге жетеді", - деді қала әкімі.
Мемлекет басшысы Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, қаланың орнықты көлік және туристік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ қала ортасының сапасы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.