Талғат Байсуфинов футболдан ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневТалғат Байсуфинов
Талғат Байсуфинов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2026
Жазылу
Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфиновтің тағайындалғанын хабарлады.
Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстады.
Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.
Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.
Талғат Байсуфинов бірқатар отандық футбол клубында бапкер болды. Әр жылдары "Есіл-Богатырь" (Петропавл), "Ақсу", "Ертіс" (Павлодар), "Ақжайық" (Орал) клубтарын басқарып, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеді.
Футболшы мансабында "Ертіс", "Металлург", "Еңбек", "Экибастузец", "Жетісу" және "Восток" клубтарында ойнады.
Талгат Байсуфинов - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2025
Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарады
Жаңалықтар
0