https://sputnik.kz/20250930/talgat-baysufinov-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-bas-bapkeri-mindetin-uaqytsha-atqarady-57498868.html
Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарады
Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарады
Sputnik Қазақстан
Ол бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған болатын 30.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-30T17:53+0500
2025-09-30T17:53+0500
2025-09-30T17:53+0500
қазақстан футбол федерациясы
футбол
бас бапкер
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18398367_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_5f8741567b1f8303434e26dd64f123cf.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарда дайындайды.Байсуфинов бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған болатын. Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарады.ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкері қызметіне үміткерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Тізімде үш шетелдік маман бар.Бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін Әли Әлиев атқарды. 2025 жылдың 8 қыркүйегіне қараған түні ол Бельгиядан 6:0 есебімен жеңілгеннен кейін отставкаға кетті.
https://sputnik.kz/20250911/fifa-qazaqstanda-100-shagyn-futbol-alanyn-salady-56983451.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18398367_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_28568d993f89e2d7551d033feed6e1cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан футбол федерациясы, футбол, бас бапкер
қазақстан футбол федерациясы, футбол, бас бапкер
Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарады
Ол бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған болатын
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарда дайындайды.
Байсуфинов бұған дейін 2016-2017 және 2020-2022 жылдары ұлттық құраманы екі мәрте басқарған болатын. Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарады.
ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкері қызметіне үміткерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Тізімде үш шетелдік маман бар.
Бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін Әли Әлиев атқарды. 2025 жылдың 8 қыркүйегіне қараған түні ол Бельгиядан 6:0 есебімен жеңілгеннен кейін отставкаға кетті.