https://sputnik.kz/20250911/fifa-qazaqstanda-100-shagyn-futbol-alanyn-salady-56983451.html
FIFA Қазақстанда 100 шағын футбол алаңын салады
FIFA Қазақстанда 100 шағын футбол алаңын салады
Sputnik Қазақстан
Алғашқы алаңдар биыл Хромтау мен Көкшетау қалаларында пайдалануға беріледі 11.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-11T16:18+0500
2025-09-11T16:18+0500
2025-09-11T16:18+0500
футбол
фифа
ауыл
https://sputnik.kz/img/344/29/3442967_0:106:2017:1240_1920x0_80_0_0_80fdc09b04106931141d7c14c395b31d.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан халықаралық FIFA Arena жобасын жүзеге асыру туралы келісімге алғашқылардың бірі болып қол қойды, деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.Бұл бастама балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және мектеп оқушыларына заманауи спорт инфрақұрылымына тең қолжетімділік жасауға бағытталған.Әр алаң FIFA стандартына сәйкес салынады. Әмбебап құрылым алаңдарды қолданыстағы мектеп аулалары мен спорт аймақтарына ыңғайлы түрде салуға мүмкіндік береді.Жоба ең алдымен шағын қалалар мен ауыл мектептерін қамтиды. Қаржыландыруды FIFA қамтамасыз етсе, туризм және спорт министрлігі, оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.Кейінгі жылдары елімізде FIFA және УЕФА-ның қолдауымен Талғарда ұлттық құрамаларға арналған оқу-жаттығу базасы, Астанадағы Футбол үйі мен манеж, Шымкенттегі жеке "БИІК" базасы және Қостанайдағы "Тобол" клубына арналған толыққанды манеж салынды.
https://sputnik.kz/20250903/real-almatyga-keledi--politsiya-futbol-zhankuyerlerine-undeu-zholdady-56792166.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/344/29/3442967_110:0:1905:1346_1920x0_80_0_0_cd87a4e9544a8925c114dcaf0d8c9e0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол, фифа, ауыл
FIFA Қазақстанда 100 шағын футбол алаңын салады
Алғашқы алаңдар биыл Хромтау мен Көкшетау қалаларында пайдалануға беріледі
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан халықаралық FIFA Arena жобасын жүзеге асыру туралы келісімге алғашқылардың бірі болып қол қойды, деп хабарлады
туризм және спорт министрлігі.
Бұл бастама балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және мектеп оқушыларына заманауи спорт инфрақұрылымына тең қолжетімділік жасауға бағытталған.
"Жоба аясында еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің аумағында 100 шағын футбол алаңы салынады. Бұл – жобаға қатысушы елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Алғашқы алаңдар биыл Хромтау мен Көкшетау қалаларында пайдалануға беріледі. Бағдарламаны толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Әр алаң FIFA стандартына сәйкес салынады. Әмбебап құрылым алаңдарды қолданыстағы мектеп аулалары мен спорт аймақтарына ыңғайлы түрде салуға мүмкіндік береді.
Жоба ең алдымен шағын қалалар мен ауыл мектептерін қамтиды. Қаржыландыруды FIFA қамтамасыз етсе, туризм және спорт министрлігі, оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.
Кейінгі жылдары елімізде FIFA және УЕФА-ның қолдауымен Талғарда ұлттық құрамаларға арналған оқу-жаттығу базасы, Астанадағы Футбол үйі мен манеж, Шымкенттегі жеке "БИІК" базасы және Қостанайдағы "Тобол" клубына арналған толыққанды манеж салынды.