https://sputnik.kz/20260127/ukimet-qazaqstan-balalary-tuzhyrymdamasyn-bekitti-60702858.html
Үкімет "Қазақстан балалары" тұжырымдамасын бекітті
Үкімет "Қазақстан балалары" тұжырымдамасын бекітті
Sputnik Қазақстан
Биыл 1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымына "тосыннан тексеру" қағидаты енгізіледі 27.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-27T12:00+0500
2026-01-27T12:00+0500
2026-01-27T12:29+0500
балалар
үкімет
https://sputnik.kz/img/939/52/9395239_0:0:1571:884_1920x0_80_0_0_0d1e06687b05be330426a91686d1201b.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Министрлер кабинеті "Қазақстан балалары" тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, тұжырымдамада білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру және отбасының әл-ауқаты саласында балалардың құқықтарын қорғау бойынша нақты іс-шаралар жоспары қарастырылған."Биыл 1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымына "тосыннан тексеру" қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау жүйесі енгізіледі. Бұл балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану мәселелеріне қатысты", - деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.Тұжырымдама аясында басымдық берілетін негізгі мәселелер:"Тұжырымдамада көзделген нысаналы индикаторлар балаларды дамытудың, қолдау мен қорғаудың орнықты жүйесін қалыптастыруға тиіс", - деп атап өтті Бектенов.Айта кетері, былтыр наурыз айында Тоқаев "Қазақстан балалары" атты біртұтас бағдарламаны қабылдауды тапсырған болатын. Себебі бұл саладағы шаралар шашыраңқы болып кеткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/52/9395239_115:0:1456:1006_1920x0_80_0_0_902544cec657fdc16deb3df85fc5d443.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар, үкімет
Үкімет "Қазақстан балалары" тұжырымдамасын бекітті
12:00 27.01.2026 (жаңартылды: 12:29 27.01.2026) Биыл 1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымына "тосыннан тексеру" қағидаты енгізіледі
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Министрлер кабинеті "Қазақстан балалары" тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, тұжырымдамада білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру және отбасының әл-ауқаты саласында балалардың құқықтарын қорғау бойынша нақты іс-шаралар жоспары қарастырылған.
"Биыл 1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымына "тосыннан тексеру" қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау жүйесі енгізіледі. Бұл балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану мәселелеріне қатысты", - деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Тұжырымдама аясында басымдық берілетін негізгі мәселелер:
30 қаңтарына дейін ерекше бақылау мен қадағалауға жататын нысандар тізілімін дайындау;
бала құқықтарын қорғау басқармаларын құру ісін аяқтау;
балалардың сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігін ары қарай кеңейту;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың бірқатар жаңа тетігін тиімді іске асыру;
балалардың, соның ішінде олардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
ауыл балаларын үйірмелер мен заманауи білім беру технологияларынан тыс қалдырмау.
"Тұжырымдамада көзделген нысаналы индикаторлар балаларды дамытудың, қолдау мен қорғаудың орнықты жүйесін қалыптастыруға тиіс", - деп атап өтті Бектенов.
Айта кетері, былтыр наурыз айында Тоқаев "Қазақстан балалары" атты біртұтас бағдарламаны қабылдауды
тапсырған болатын. Себебі бұл саладағы шаралар шашыраңқы болып кеткен.