"Қазақстан балалары" бағдарламасы қабылданады

© Photo : https://almaty2017.comМаленький гражданин Казахстана с флагом страны
Маленький гражданин Казахстана с флагом страны - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Президенттің айтуынша, қазіргі кезде жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмысынан шет қалып отыр
АСТАНА, 14 наурыз– Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан балалары" атты біртұтас бағдарламаны қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президенттің айтуынша, қазіргі кезде жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмысынан шет қалып отыр. Оған қоса, осы бағыттағы жұмыстар қазір әртүрлі құжатпен реттеледі.
"Шашыраңқы болып тұр бәрі. Соның бәрін бір жерге жинақтаған дұрыс деп ойлаймын. Осыған орай "Қазақстан балалары" атты біртұтас бағдарлама қабылдаған жөн", - деді Тоқаев ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, озық ойлы ұрпақ өсіру үшін білім мен тәрбие әрдайым қатар жүруі керек.
"Ашығын айтсақ, бала оқыту ісінде бұған дейін білімге көбірек назар аударылды. Ал ұрпақ тәрбиесіне қатысты жүйелі ұстаным болған жоқ. Бұл салаға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей келді. "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы". Сондықтан біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Сондай-ақ құрылтай мүшелері қазіргі "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының атауын "Адал азамат" деп өзгертуді ұсынды. Президент бастаманы қолдады.
"Жобаның түпкі мақсаты – отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Мұның бәрі – адал азаматқа тән қасиеттер", - деді Тоқаев.
Что известно о закрытии кинотеатров в Казахстане? - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Кинотеатрда көрсетілетін фильмдер алдын ала тексеріледі
Жаңалықтар
0