Кинотеатрда көрсетілетін фильмдер алдын ала тексеріледі

© Photo : UnsplashЧто известно о закрытии кинотеатров в Казахстане?
Что известно о закрытии кинотеатров в Казахстане? - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Президенттің айтуынша зорлық-зомбылықты, қатыгездік пен қылмысты насихаттайтын фильмдер де пайда болған
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев фильмді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында президент кинотеатрда көрсетілетін фильмдердің сапасына тоқталды.
"Былтыр қазақстандық мамандар түсірген 94 фильм шыққан, яғни, негізінен өзіміздің өнім шығарылып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ біз ең алдымен санға емес, сапаға көңіл аударуымыз керек. Көрерменнің көңілін көтеріп, күлкі сыйлау – бір бөлек, жағымсыз әдеттерді насихаттау – бір басқа", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, зорлық-зомбылықты, қатыгездік пен қылмысты насихаттайтын фильмдер де пайда болған. Осы жерде бір нәрсені ескерген жөн.
"Бүгінде фильмдердің басым көпшілігі мемлекеттік тапсырыспен емес, жеке қаржыға түсірілуде. Кино маңызды идеологиялық құрал екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан жеке қаржыға түсірілсе де, фильмді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастырған жөн", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы "Шоқан. Қашқария сапары" мультфильмін жоғары бағалады.
"Бұл өскелең ұрпаққа әйгілі тарихи тұлға Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беретін өте жақсы туынды деп айтуға болады. Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет. Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек", - деді президент.
Жаңалықтар
0