https://sputnik.kz/20260126/zhertolege-qamagan-aqmola-oblysynda-uydi-tonagandar-sottaldy-60695694.html
Жертөлеге қамаған: Ақмола облысында үйді тонағандар сотталды
Жертөлеге қамаған: Ақмола облысында үйді тонағандар сотталды
Sputnik Қазақстан
Үйден кетіп бара жатып ауласынан автокөлікті мініп кеткен 26.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-26T22:57+0500
2026-01-26T22:57+0500
2026-01-26T22:57+0500
мәслихат
сот
тонаушылар
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Ақмола облысы Астраханьда мәслихат төрағасының үйін тонағандар сотталды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.Қылмыстық іс Астрахань аудандық сотында қаралды. Қылмыскерлер жеке тұрғын үйге ұрланып кіріп, аса ірі көлемдегі заттарды тонаған. Онымен қоймай жәбірленушінің көлігін мініп кеткен. Қылмыстық оқиға былтыр шілдеде болған.Олар жәбірленушілерге физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, ақша мен құнды заттарды талап еткен."Ақша мен зергерлік бұйымдарды алып, барлық жәбірленушіні жас баласымен бірге жертөлеге қамап тастаған. Содан кейін үйде болған іздерін тазалаған. Үйден кетіп бара жатып ауласынан автокөлікті мініп кеткен", - дейді Ақмола облыстық сотында.Жәбірленушілерге жалпы сомасы 4,2 млн теңге материалдық залал келтірілді.Жәбірленушілерге 4,2 млн теңгеге материалдық шығын, 2 жәбірленушінің әрқайсысына 2 млн теңге моральдық шығын өтелді."Шартты түрде мерзімінен бұрын жазасын өтеп жатқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған екі сотталушыға тиісті бақылау жасамаған полиция қызметкерлеріне қатысты шаралар қабылдау үшін Жамбыл және Түркістан облыстарының полиция департаментінің атына жеке қаулы шығарды", - дейді ведомствода.Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250718/shymkentte-20-mln-tengenin-altyn-buyymdaryn-tonagan-urylar-ustaldy-55762530.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәслихат, сот, тонаушылар
мәслихат, сот, тонаушылар
Жертөлеге қамаған: Ақмола облысында үйді тонағандар сотталды
Үйден кетіп бара жатып ауласынан автокөлікті мініп кеткен
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Ақмола облысы Астраханьда мәслихат төрағасының үйін тонағандар сотталды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс Астрахань аудандық сотында қаралды. Қылмыскерлер жеке тұрғын үйге ұрланып кіріп, аса ірі көлемдегі заттарды тонаған. Онымен қоймай жәбірленушінің көлігін мініп кеткен. Қылмыстық оқиға былтыр шілдеде болған.
"Тараз қаласының екі тұрғыны мен Шымкент қаласының бір тұрғыны Астраханка ауылындағы тұрғынның үйін тонаған. Түнде бетперде киіп, құрамында хлор бар бүріккішпен қаруланған олар үйге заңсыз кірген. Үйде төрт ересек пен 3 жасар бала болған", - дейді сотта.
Олар жәбірленушілерге физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, ақша мен құнды заттарды талап еткен.
"Ақша мен зергерлік бұйымдарды алып, барлық жәбірленушіні жас баласымен бірге жертөлеге қамап тастаған. Содан кейін үйде болған іздерін тазалаған. Үйден кетіп бара жатып ауласынан автокөлікті мініп кеткен", - дейді Ақмола облыстық сотында.
Жәбірленушілерге жалпы сомасы 4,2 млн теңге материалдық залал келтірілді.
"Сот үкімімен екі сотталушы 8,5 жылға, ал біреуі 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейді. Сотталушының екеуі қылмысты қайталап жасап тұр", - дейді сотта.
Жәбірленушілерге 4,2 млн теңгеге материалдық шығын, 2 жәбірленушінің әрқайсысына 2 млн теңге моральдық шығын өтелді.
"Шартты түрде мерзімінен бұрын жазасын өтеп жатқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған екі сотталушыға тиісті бақылау жасамаған полиция қызметкерлеріне қатысты шаралар қабылдау үшін Жамбыл және Түркістан облыстарының полиция департаментінің атына жеке қаулы шығарды", - дейді ведомствода.
Сот актілері заңды күшіне енген жоқ.