Шымкентте 20 млн теңгенің алтын бұйымдарын тонаған ұрылар ұсталды

CC0 / ID 8180766 / Шымкентте 20 млн теңгенің алтын бұйымдарын тонаған ұрылар ұсталды
Шымкентте 20 млн теңгенің алтын бұйымдарын тонаған ұрылар ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Жазылу
Бес ұры бір айдың ішінде онға жуық үйге түскен
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында ондаған үйді тонап кеткен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Бес ұры бір айдың ішінде онға жуық үйге түсіп, жалпы сомасы 20 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған. Олар көбінесе терезеден кірген және тек алтынды алған.
Полиция әшекейлердің бір бөлігін иелеріне қайтарды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі кезде олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Айта кетері, Қазақстан адамдар тобымен жасалған ұрлық үшін 3 000 АЕК-ке (2025 жылда – 11 796 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, я болмаса, 5 жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Пәтер ұрлығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Астанада пәтерге терезеден кірген ұры ұсталды
Жаңалықтар
0