https://sputnik.kz/20260126/zher-qoynauyn-zansyz-paydalangan-er-adamnyn-ekskavatory-tarkilendi-60696659.html
Жер қойнауын заңсыз пайдаланған ер адамның экскаваторы тәркіленді
Жер қойнауын заңсыз пайдаланған ер адамның экскаваторы тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Заңсыз өндірілген материалдың жалпы көлемі 32 текше метрді құрады 26.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-26T21:30+0500
2026-01-26T21:30+0500
2026-01-26T21:30+0500
бас прокуратура
айыппұл
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16377695_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_b7e575c3ded87527f6fb8a26dd1c860f.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірудің қайталанған фактісі анықталып, жолы кесілді, деп хабарлады бас прокуратура.Ер адам бұған дейін әкімшілік жаза қолданылғанына қарамастан, арнайы рұқсат құжаттарынсыз экскаватор арнайы техникасын пайдалана отырып, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді қайта жүзеге асырған.Заңсыз өндірілген материалдың жалпы көлемі 32 текше метрді құрады.Сонымен қатар, аталған құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін көзделген санкция айыппұлмен қатар құқық бұзушылықты жасау барысында пайдаланылған құралдар мен қаражаттарды міндетті түрде тәркілеуді де қарастырады.Алматы облысы прокуратурасының араласуының нәтижесінде жоғары тұрған сот алғашқы қаулыны өзгертіп, нарықтық құны шамамен 25 млн теңге болатын "Zaxis LCN 200" маркалы экскаваторды тәркілеу түріндегі қосымша жаза қолданды.Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылық қалпына келтіріліп, құқыққа қайшы әрекеттерге тиісті құқықтық баға берілді.
https://sputnik.kz/20260114/qantar-oqigasy-kezinde-urlangan-8-qaru-tarkilendi-60380124.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16377695_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_4857203c518864cec4790bdd668b8bad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, айыппұл, алматы облысы
бас прокуратура, айыппұл, алматы облысы
Жер қойнауын заңсыз пайдаланған ер адамның экскаваторы тәркіленді
Заңсыз өндірілген материалдың жалпы көлемі 32 текше метрді құрады
АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірудің қайталанған фактісі анықталып, жолы кесілді, деп хабарлады
бас прокуратура.
Ер адам бұған дейін әкімшілік жаза қолданылғанына қарамастан, арнайы рұқсат құжаттарынсыз экскаватор арнайы техникасын пайдалана отырып, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді қайта жүзеге асырған.
Заңсыз өндірілген материалдың жалпы көлемі 32 текше метрді құрады.
"Құқық бұзушының әрекеттері жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама талаптарын өрескел бұзған. Бірінші сатыдағы сот оны ӘҚБтК-нің 139-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 220 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салған", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, аталған құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін көзделген санкция айыппұлмен қатар құқық бұзушылықты жасау барысында пайдаланылған құралдар мен қаражаттарды міндетті түрде тәркілеуді де қарастырады.
Алматы облысы прокуратурасының араласуының нәтижесінде жоғары тұрған сот алғашқы қаулыны өзгертіп, нарықтық құны шамамен 25 млн теңге болатын "Zaxis LCN 200" маркалы экскаваторды тәркілеу түріндегі қосымша жаза қолданды.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылық қалпына келтіріліп, құқыққа қайшы әрекеттерге тиісті құқықтық баға берілді.