Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 8 қару тәркіленді

© Photo : Пресс-служба МВД РКМВД Казахстана
МВД Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2026
Жазылу
Тұрғындар 35 қаруды полицияға өз еркімен еркімен тапсырды
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 8 қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізген.
Іс-шараның нәтижесінде:
заңсыз айналымнан 340 қару және 2 мыңнан астам оқ-дәрі,
14 криминалдық қару, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару,
алыстағы шаруа қожалығынан 70 атыс қару тәркіленді.
Тұрғындар 35 қаруды полицияға өз еркімен еркімен тапсырды. Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған 6 полицей сотталды
Жаңалықтар
0