https://sputnik.kz/20250117/qantar-oqigasy-kezinde-adamdardy-azaptagan-6-politsey-sottaldy-50052744.html
Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған 6 полицей сотталды
Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған 6 полицей сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыоблысының Қарасай аудандықсотында 6 полиция қызметкеріне үкім шықты, деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі. 17.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-17T21:01+0500
2025-01-17T21:01+0500
2025-01-17T21:01+0500
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыоблысының Қарасай аудандықсотында 6 полиция қызметкеріне үкім шықты, деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде 44 жәбірленуші, оның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары арнайы қабылдағышқа орналастырылды.Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, соттарасталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденді.Сот үкімімен 6 полицияқызметкері 146-баптың 1-бөлігінде(2023 жылғы 17 наурызға дейінредакцияда) және ҚК-нің 362-бабының1-бөлігінде көзделген қылмысжасағаны үшін кінәлі деп танылды, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.Бас прокуратураның мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қаза тапты, оның 19-ы күш құрылымдарының қызметкері.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған 6 полицей сотталды
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыоблысының Қарасай аудандықсотында 6 полиция қызметкеріне үкім шықты, деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.
2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде 44 жәбірленуші, оның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары арнайы қабылдағышқа орналастырылды.
"Сотталушылар өздерініңлауазымдық өкілеттігін пайдаланаотырып, заңға қайшыәрекеттер жасады, нәтижесінде зардапшеккендер азапталды", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, соттарасталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденді.
Сот үкімімен 6 полицияқызметкері 146-баптың 1-бөлігінде(2023 жылғы 17 наурызға дейінредакцияда) және ҚК-нің 362-бабының1-бөлігінде көзделген қылмысжасағаны үшін кінәлі деп танылды, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Бас прокуратураның мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қаза тапты, оның 19-ы күш құрылымдарының қызметкері.