"Бұл нағыз жымқыру": Тоқаев мемлекеттік органдарды сынға алды

© Photo : АкордаКасым-Жомарт Токаев провел совещание в Генеральной прокуратуре Казахстане
Касым-Жомарт Токаев провел совещание в Генеральной прокуратуре Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2026
Жазылу
Президент әр мекеме цифрлық жүйені өз бетімен дамытып жатқанын ерекше атап өтті
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық тәсілдерді ұтымды қолдана алмай жатқан мемлекеттік органдарды сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бас прокуратурада өткен жиында президент әр мекеме цифрлық жүйені өз бетімен дамытып жатқанын ерекше атап өтті. Оның пікірінше бұл жұмыс жүйесіз жүргізіліп жатыр. Біртұтас жүйе жоқ.
"Мысалы, кейбір органдар цифрлық тәсілдерді ұтымды қолданып жұмыс істеуде. Ал кейбірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, нағыз жымқыру. Сондықтан қаражатты орынсыз жұмсап, жаңа дүние жасаудың қажеті жоқ", - деді Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы үкіметке қолданыстағы барлық цифрлық шешімді саралап, тексеріп, олардың тиімділігін арттыруды тапсырды.
Күштік құрылымдарға арналған түсінікті құрылымы бар және технологиялық стандарттары біркелкі бірыңғай цифрлық экожүйе жасалуға тиіс.
Строительство в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді
Жаңалықтар
0