https://sputnik.kz/20260109/qurylys-salasyn-tsifrlandyru-zhospary-bekitildi-60285669.html
Құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді
Құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді
Sputnik Қазақстан
Бүгін мемлекет басшысы құрылыс және цифрлық кодекстерге қол қойды 09.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-09T20:28+0500
2026-01-09T20:28+0500
2026-01-09T20:28+0500
цифрландыру
цифрлы қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854064_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_81e4cf23acefb703119cf71e0b939017.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспарын бекітті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Құжат құрылыс саласын цифрлық трансформациялаудың негізгі міндеттерін айқындайды және жоспарлау, жобалау кезеңдерінен бастап, пайдалануға беру, ғимараттарды одан әрі пайдалану үдерістеріне дейінгі құрылыс нысандарының бүкіл өмірлік циклін қамтиды.Бұл шаралар қолмен орындалатын операциялар санын қысқартуға, қателіктер тәуекелін азайтуға және құрылыс жобаларын жүзеге асырудың болжамдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.Жоспарды жүзеге асыру саланың ашықтығын және басқарылуын қамтамасыз етуге, құрылыс мерзімдері мен шығындарын қысқартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, сондай-ақ құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Бүгін мемлекет басшысы құрылыс және цифрлық кодекстерге қол қойды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854064_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_1cc0073490bee7b0a982aff4ec6fc993.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
цифрландыру, цифрлы қазақстан
цифрландыру, цифрлы қазақстан
Құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді
Бүгін мемлекет басшысы құрылыс және цифрлық кодекстерге қол қойды
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспарын бекітті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Құжат құрылыс саласын цифрлық трансформациялаудың негізгі міндеттерін айқындайды және жоспарлау, жобалау кезеңдерінен бастап, пайдалануға беру, ғимараттарды одан әрі пайдалану үдерістеріне дейінгі құрылыс нысандарының бүкіл өмірлік циклін қамтиды.
"Жоспарда құрылыс саласындағы үдерістерді жеңілдету және жеделдетуге бағытталған кешенді практикалық шаралар көзделген. Басым бағыттардың қатарында міндетті BIM-жобалауды енгізу, құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, нысандардың цифрлық паспорттарын қалыптастыру, сондай-ақ құрылыс нормалары мен стандарттарын машинамен оқылатын форматқа көшіру бар", - деп жазылған хабарламада.
Бұл шаралар қолмен орындалатын операциялар санын қысқартуға, қателіктер тәуекелін азайтуға және құрылыс жобаларын жүзеге асырудың болжамдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Жоспарды жүзеге асыру саланың ашықтығын және басқарылуын қамтамасыз етуге, құрылыс мерзімдері мен шығындарын қысқартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, сондай-ақ құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Бүгін мемлекет басшысы құрылыс және цифрлық кодекстерге қол қойды.