https://sputnik.kz/20260125/qazaqstanda-zhetimder-uylerinde-bala-sany-azaydy--60669529.html
Қазақстанда жетімдер үйлерінде бала саны азайды
Қазақстанда жетімдер үйлерінде бала саны азайды
Sputnik Қазақстан
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 20 798 баланың 82 проценті отбасында тәрбиеленіп жатыр 25.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-25T17:38+0500
2026-01-25T17:38+0500
2026-01-25T17:39+0500
балалар үйі
жетім балалар
https://sputnik.kz/img/old/934/72/9347245_0:78:2876:1696_1920x0_80_0_0_c3cfe08c97ff7ad01b28397d8ef27091.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жетімдер үйлерінде бала саны азайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Былтыр шамамен 3 мың жетім бала отбасыларға орналастырылды. 2025 жылдан бастап заңды өкілдерді іріктеу талаптары да күшейген болатын. Енді қамқоршылар міндетті түрде жыл сайын кешенді тексеруден өтеді. Сол кезде табыс көздері, денсаулық жағдайы, тұрғын үй жағдайының сәйкестігі мен соттылықтың болмауы тексеріледі. Бүгінде тәлімгерлік институты да жүйелі түрде дамып келеді. Қазақстанның 20 өңірінде 360-тан астам тәлімгер бар. Былтыр олар үшін міндетті кәсіби сертификаттау енгізілген болатын. Дегенмен, баланың туыстық байланыстарын сақтау негізгі басымдық болып қала береді. Сондықтан ең алдымен оны жақын туыстарына орналастыру мүмкіндігі қарастырылады. Айта кетері, қазіргі кезде республика бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 798 бала бар. Олардың басым бөлігі - 82 проценті отбасыларда тәрбиеленіп жатыр.
https://sputnik.kz/20250721/almatydagy-balalar-uyi-qonaevqa-koshirilmeydi---toqaev-tapsyrma-berdi-55813927.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/934/72/9347245_0:640:1877:2048_1920x0_80_0_0_eb529e323f01a8fb298a4aefb105b2bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар үйі, жетім балалар
балалар үйі, жетім балалар
Қазақстанда жетімдер үйлерінде бала саны азайды
17:38 25.01.2026 (жаңартылды: 17:39 25.01.2026) Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 20 798 баланың 82 проценті отбасында тәрбиеленіп жатыр
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда жетімдер үйлерінде бала саны азайды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан оқу-ағарту
министрлігіне сілтеме жасап.
Былтыр шамамен 3 мың жетім бала отбасыларға орналастырылды.
"Институционалдық емес көмекке көшу қарқыны соңғы 10 жылдың статистикасынан анық байқалады. Мәселен, осы кезеңде еліміздегі интернаттық ұйымдар желісі 24%-ға қысқарып, ондағы тәрбиеленушілер саны 54%-ға азайды", - делінген ресми хабарламада.
2025 жылдан бастап заңды өкілдерді іріктеу талаптары да күшейген болатын. Енді қамқоршылар міндетті түрде жыл сайын кешенді тексеруден өтеді. Сол кезде табыс көздері, денсаулық жағдайы, тұрғын үй жағдайының сәйкестігі мен соттылықтың болмауы тексеріледі.
"Кез келген тәуекел факторлары, оның ішінде заңды өкілдің сотқа тартылуы немесе психоневрологиялық немесе наркологиялық диспансерге есепке алынуы қамқоршылық міндетінен дереу шеттетуге негіз болады", - дейді министрлік мамандары.
Бүгінде тәлімгерлік институты да жүйелі түрде дамып келеді. Қазақстанның 20 өңірінде 360-тан астам тәлімгер бар. Былтыр олар үшін міндетті кәсіби сертификаттау енгізілген болатын. Дегенмен, баланың туыстық байланыстарын сақтау негізгі басымдық болып қала береді.
Сондықтан ең алдымен оны жақын туыстарына орналастыру мүмкіндігі қарастырылады.
Айта кетері, қазіргі кезде республика бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 798 бала бар. Олардың басым бөлігі - 82 проценті отбасыларда тәрбиеленіп жатыр.