Қазақстан мұнайы тасымалданатын терминалда жөндеу жұмыстары аяқталды

© Photo : Пресс-служба "Каспийского трубопроводного консорциума" (КТК)Қазақстан мұнайы тасымалданатын терминалда жөндеу жұмыстары аяқталды
Қазақстан мұнайы тасымалданатын терминалда жөндеу жұмыстары аяқталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2026
Жазылу
Бүгін, 25 қаңтарда теңізге шығып тұратын қондырғыға танкер аялдады
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы Қара теңіздегі танкерлерге мұнай құятын үшінші қондырғының жөндеуден сәтті өткенін хабарлады.

"Жоспарды жөндеу аясында суасты шлангтар мен құбыршектер ішінара ауыстырылды. Ал 21 қаңтарда гидросынақтар өткізілген болатын. Осыдан кейін суңгуірлер манифольдты ашты", - дейді консорциум мамандары.

Бүгін, 25 қаңтарда теңізге шығып тұратын қондырғыға танкер аялдады. Оған мұнай құйылады.
Айта кетері, бұған дейін 29 қарашада экипажсыз катерлермен жасалған лаңкестік шабуыл кезінде танкерлер аялдайтын 2-ші қондырғыға айтырлықтай зақым келген болатын.
Ал келісімшарт бойынша кем дегенде екі мұнай құятын қондырғы істеп тұруы қажет. Қазіргі кезде танкерлер бірінші және үшінші қондырғыдан мұнай тиеп жатыр.
Выносные причальные устройства КТК в порту Новороссийска - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Бас прокуратура Каспий құбыр консорциумына шабуылды қолдайтындарға қылмыстық іс қозғады
Жаңалықтар
0