Бас прокуратура Каспий құбыр консорциумына шабуылды қолдайтындарға қылмыстық іс қозғады

© Photo : Пресс-служба "Каспийского трубопроводного консорциума" (КТК)Выносные причальные устройства КТК в порту Новороссийска
Выносные причальные устройства КТК в порту Новороссийска - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Жазылу
Қадағалау органы мәжіліс депутатының желідегі негативті жазбаларға жол бермеу туралы сұрауына жауап берді
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтардың Каспий құбыр консорциумына қарсы украиндық соққыларын қолдағандарға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Бұл туралы бас прокуратураның мәжіліс депутаты Айдос Сарымның сұрауына берген жауабында жазылған.
Қадағалау органы істің "ұлттық араздықты қоздыру" бабы бойынша қозғалғанын айтты.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында осы адамдарды анықтау және олардың кінәсінің дәлелдерін жинау шаралары қабылданды. Нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады", - делінген жауапта.
Бас прокуратура бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жалған ақпарат пен заңға қайшы өзге де жарияланымдарды таратуға жол бермеу, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің бар екені туралы баспасөз релизін жариялағанын еске салды.
Былтыр 29 қарашада Украина Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына шабуыл жасалды. КҚК бойынша Қазақстаннан экспорттық мұнайдың 80%-ы айдалады, ал мұнай - ел бюджетінің негізі.
30 қарашада Қазақстан сыртқы істер министрлігі мұны "агрессиялық акті" деп атады және Украинаның КҚК маңызды инфрақұрылымына кезекті мақсатты шабуылына байланысты наразылық білдірді.
Выносные причальные устройства КТК в порту Новороссийска - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2025
Каспий құбыр консорциумы мұнай айдау көлемін арттырды
Жаңалықтар
0