https://sputnik.kz/20260124/italiyadagy-qysqy-olimpiadaga-qay-onirlerdin-sportshylary-barady-60663368.html
Италиядағы қысқы Олимпиадаға қай өңірлердің спортшылары барады
Италиядағы қысқы Олимпиадаға қай өңірлердің спортшылары барады
Sputnik Қазақстан
Олимпиадаға қалың қар түсетін өңірлермен қатар, қары аз оңтүстік аймақтардан да спортшылар қатыспақ 24.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-24T20:20+0500
2026-01-24T20:20+0500
2026-01-24T20:20+0500
қысқы олимпиада
қазақстан
https://sputnik.kz/img/old/1103/97/11039708_0:114:2878:1733_1920x0_80_0_0_f4080b0b8e1c5c3ff4da30bd8341d794.jpg
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Санаулы күндерден кейін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпия ойындары басталады. Төрт жылдықтың басты додасына әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде биылғы қысқы Олимпиадаға тоғызыншы мәрте қатыспақ. Ұлттық құрама сапынан Италиядағы додада жалпы саны 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) ел намысын қорғайды. Салыстыру үшін айта кетсек, бұдан төрт жыл бұрын Қытайдың Бейжің қаласында өткен қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан 34 спортшы (17 ер, 17 әйел) бақ сынаған еді.Осы орайда назарларыңызға қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын қай өңірден неше спортшы қорғайтынын ұсынамыз.Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары түйіндеп отыр. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласынан 1 спорт түрінен 4 спортшыдан қатысса, Астана қаласынан 3 спорт түрінен 4 спортшы өнер көрсетеді.Кейінгі орындарға Павлодар облысы (3 спортшы, 3 спорт түрі), Алматы облысы (3 спортшы, 1 спорт түрі), Қостанай облысы (2 спортшы, 1 спорт түрі), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстары (әр өңірден 1 спортшы, 1 спорт түрі) жайғасқан.Айта кетейік, XXV қысқы Олимпия ойындары 6-22 ақпан күндері өтеді.
https://sputnik.kz/20260123/toqaev-qysqy-olimpiada-zhane-paralimpiada-quramasyna-memlekettik-tudy-tapsyrdy-60639131.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1103/97/11039708_70:0:2625:1916_1920x0_80_0_0_1b006630404a09a2915c3af5c77cf352.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қысқы олимпиада, қазақстан
қысқы олимпиада, қазақстан
Италиядағы қысқы Олимпиадаға қай өңірлердің спортшылары барады
Олимпиадаға қалың қар түсетін өңірлермен қатар, қары аз оңтүстік аймақтардан да спортшылар қатыспақ
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Санаулы күндерден кейін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпия ойындары басталады. Төрт жылдықтың басты додасына әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде биылғы қысқы Олимпиадаға тоғызыншы мәрте қатыспақ. Ұлттық құрама сапынан Италиядағы додада жалпы саны 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) ел намысын қорғайды. Салыстыру үшін айта кетсек, бұдан төрт жыл бұрын Қытайдың Бейжің қаласында өткен қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан 34 спортшы (17 ер, 17 әйел) бақ сынаған еді.
Осы орайда назарларыңызға қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын қай өңірден неше спортшы қорғайтынын ұсынамыз.
"Өңірлер бойынша Италиядағы қысқы Олимпиадаға ең көп спортшыны Алматы қаласы ұсынып отыр. Оңтүстік астанадан Миланға 5 спорт түрінен 7 спортшы аттанады. Екінші орында 2 спорт түрінен 6 спортшысы бар Ақмола облысы тұр", - деп жазылған хабарламада.
Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары түйіндеп отыр. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласынан 1 спорт түрінен 4 спортшыдан қатысса, Астана қаласынан 3 спорт түрінен 4 спортшы өнер көрсетеді.
Кейінгі орындарға Павлодар облысы (3 спортшы, 3 спорт түрі), Алматы облысы (3 спортшы, 1 спорт түрі), Қостанай облысы (2 спортшы, 1 спорт түрі), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстары (әр өңірден 1 спортшы, 1 спорт түрі) жайғасқан.
Айта кетейік, XXV қысқы Олимпия ойындары 6-22 ақпан күндері өтеді.