https://sputnik.kz/20260123/toqaev-qysqy-olimpiada-zhane-paralimpiada-quramasyna-memlekettik-tudy-tapsyrdy-60639131.html
Тоқаев Қысқы Олимпиада және Паралимпиада құрамасына мемлекеттік туды тапсырды
Тоқаев Қысқы Олимпиада және Паралимпиада құрамасына мемлекеттік туды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан наурыз айының басында Италияда өтетін Паралимпиада ойындарына әзірге 10 лицензия алды 23.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-23T17:09+0500
2026-01-23T17:09+0500
2026-01-23T17:16+0500
қысқы олимпиада
паралимпиада чемпионы
мемлекеттік ту
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/01/17/60638842_0:51:1281:771_1920x0_80_0_0_2e8a0603ad054828700c75533f538c2b.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне мемлекеттік туды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 40-қа жуық спортшы қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр.Мемлекет басшысы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында шын мықтылар күш сынасатынын айтты.Ол Владимир Смирнов, Людмила Прокашева, Елена Хрусталева, Денис Тен, Юлия Галышева сияқты Олимпиада жүлдегерлерінің есімдері отандық спорт тарихына алтын әріптермен жазылғанын атап өтті."Әлемдік спорттағы ірі ареналарда топ жарған отандық атлеттердің құрметіне талай рет Әнұран шырқалып, еліміздің Туы көкте желбіреді. Алдағы уақытта да жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін", – деп түйіндеді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/17/60638842_4:0:1207:902_1920x0_80_0_0_64bb0b1d07b5c4a3f06f155f445786e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қысқы олимпиада, паралимпиада чемпионы, мемлекеттік ту, қасым-жомарт тоқаев
қысқы олимпиада, паралимпиада чемпионы, мемлекеттік ту, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Қысқы Олимпиада және Паралимпиада құрамасына мемлекеттік туды тапсырды
17:09 23.01.2026 (жаңартылды: 17:16 23.01.2026) Қазақстан наурыз айының басында Италияда өтетін Паралимпиада ойындарына әзірге 10 лицензия алды
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне мемлекеттік туды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 40-қа жуық спортшы қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр.
"Қысқы Олимпиадаға жолдама алу үшін спортшыларымыз халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, 17 алтын, 31 күміс және 21 қола медальға ие болды. Наурыз айының басында Италияда өтетін Паралимпиада ойындарына әзірге 10 лицензия алдық. Лицензия саны әлі де көбеюі мүмкін", – деді президент.
Мемлекет басшысы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында шын мықтылар күш сынасатынын айтты.
"Әрине, спортта жеңісті болжау мүмкін емес. Бірақ Сіздер қатаң іріктеулерден сүрінбей өтіп, Қазақстанның олимпиадалық құрамасына мүше болдыңыздар. Осының өзі, Сіздердің әлеуеттеріңізді, жеңіске деген ұмтылыстарыңызды танытады. Тәуелсіздік алған уақыттан бері спортшыларымыз Қысқы Олимпиада ойындарында шеберлік танытып, бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көріне білді", – деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол Владимир Смирнов, Людмила Прокашева, Елена Хрусталева, Денис Тен, Юлия Галышева сияқты Олимпиада жүлдегерлерінің есімдері отандық спорт тарихына алтын әріптермен жазылғанын атап өтті.
"Әлемдік спорттағы ірі ареналарда топ жарған отандық атлеттердің құрметіне талай рет Әнұран шырқалып, еліміздің Туы көкте желбіреді. Алдағы уақытта да жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін", – деп түйіндеді президент.