https://sputnik.kz/20260123/qazaqstan-beybitshilik-kenesine-zharna-tolemey-qosyldy---aqorda-60619998.html
Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне жарна төлемей қосылды - Ақорда
Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне жарна төлемей қосылды - Ақорда
Sputnik Қазақстан
Швейцарияның Давос қаласында Қазақстанды қоса алғанда, 18 ел Газа бойынша "Бейбітшілік кеңесінің" жарғысына қол қойды 23.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-23T09:36+0500
2026-01-23T09:36+0500
2026-01-23T09:40+0500
қазақстан
ақш
жарна
https://sputnik.kz/img/07ea/01/17/60609174_0:74:1280:794_1920x0_80_0_0_092beb92e12afe75ead52bbb2dc73c4e.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз қызметі елдің Трамп құрған "Бейбітшілік кеңесіне" кіру үшін жарна төлеуі керек деген хабарламаларға түсініктеме берді.Ақорда Бейбітшілік кеңесіне қосылу үшін мемлекеттің тәуелсіз шешімі қажет екенін хабарлады.Егер мұндай жарна бірінші жыл ішінде салынса, мемлекет өз мүшелігін белгіленген үш жылдық мерзімнен тыс ұзартуға мүмкіндік алады, деп түсіндірді президенттің баспасөз қызметі."Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай жарна төлемей қосылды, бұл Жарғының ережелеріне толық сәйкес келеді", - деп хабарлады Ақорда.Бұған дейін Дональд Трамп Газа бойынша "Бейбітшілік кеңесін" құрғанын жариялаған болатын. АҚШ президентінің әкімшілігі шамамен 50 мемлекеттің мемлекет басшыларына кеңес жұмысына қатысуға шақыру жіберді.Бейсенбі, 22 қаңтарда Швейцарияның Давос қаласында 18 ел Газа бойынша "Бейбітшілік кеңесінің" жарғысына қол қойды. Кеңес Израиль мен палестиналық радикалды ХАМАС қозғалысы арасындағы Газа секторын басқару туралы келісімге сәйкес құрылды, бірақ ол басқа аймақтардағы қақтығыстардың алдын алу және шешу үшін де жұмыс істейді деп күтіліп отыр.Сондай-ақ, Швейцарияда Дональд Трамп кейбір елдердің Газа бойынша "Бейбітшілік кеңесіне" бір миллиард доллардан астам қаражат қосқанын жариялады.
https://sputnik.kz/20260122/toqaev-pen-tramp-ne-turaly-soyleskeni-belgili-boldy-60602827.html
қазақстан
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/17/60609174_132:0:1211:809_1920x0_80_0_0_9417675ec78ae6eabcc1917514720ab1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ақш, жарна
Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне жарна төлемей қосылды - Ақорда
09:36 23.01.2026 (жаңартылды: 09:40 23.01.2026) Швейцарияның Давос қаласында Қазақстанды қоса алғанда, 18 ел Газа бойынша "Бейбітшілік кеңесінің" жарғысына қол қойды
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз қызметі елдің Трамп құрған "Бейбітшілік кеңесіне" кіру үшін жарна төлеуі керек деген хабарламаларға түсініктеме берді.
Ақорда Бейбітшілік кеңесіне қосылу үшін мемлекеттің тәуелсіз шешімі қажет екенін хабарлады.
"Қосылған сәттен бастап мемлекеттің Кеңестегі өкілеттігі үш жылды құрайды. Жарғыда көрсетілген 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшеліктің шарты болып табылмайды. Оны төлеу-төлемеуге әрбір қатысушы мемлекеттің құқығы бар", - деп мәлімдеді Ақордада.
Егер мұндай жарна бірінші жыл ішінде салынса, мемлекет өз мүшелігін белгіленген үш жылдық мерзімнен тыс ұзартуға мүмкіндік алады, деп түсіндірді президенттің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай жарна төлемей қосылды, бұл Жарғының ережелеріне толық сәйкес келеді", - деп хабарлады Ақорда.
Бұған дейін Дональд Трамп Газа бойынша "Бейбітшілік кеңесін" құрғанын жариялаған болатын. АҚШ президентінің әкімшілігі шамамен 50 мемлекеттің мемлекет басшыларына кеңес жұмысына қатысуға шақыру жіберді.
Бейсенбі, 22 қаңтарда Швейцарияның Давос қаласында 18 ел Газа бойынша "Бейбітшілік кеңесінің" жарғысына қол қойды. Кеңес Израиль мен палестиналық радикалды ХАМАС қозғалысы арасындағы Газа секторын басқару туралы келісімге сәйкес құрылды, бірақ ол басқа аймақтардағы қақтығыстардың алдын алу және шешу үшін де жұмыс істейді деп күтіліп отыр.
Сондай-ақ, Швейцарияда Дональд Трамп кейбір елдердің Газа бойынша "Бейбітшілік кеңесіне" бір миллиард доллардан астам қаражат қосқанын жариялады.