https://sputnik.kz/20260123/atameken-kasipkerler-palatasynyn-basshysy-tagayyndaldy-60624808.html
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басшысы сайланды
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басшысы сайланды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған 23.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-23T12:14+0500
2026-01-23T12:14+0500
2026-01-23T12:49+0500
тағайындау
"атамекен" ұкп
жеке кәсіпкерлер
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0d/46274918_0:38:1280:758_1920x0_80_0_0_f6a8a12c893cfeba3b52f663b11cf317.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметіне Қанат Шарлапаев тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Президиумның жаңа төрағасын бүгін Ұлттық палатаның XIII съезінде сайлады. Қанат Шарлапаев палатаны төрт жыл басқарған Райымбек Баталовтың орнына келді.Бұған дейін Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған. Былтыр қыркүйекте осы қызметтен босатылған болатын.Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген.Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген.Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.2006-2008 жылдары "Сити" инвестбанкінің (Ұлыбритания, Чехия) өңірлік кеңсесінің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, сату басқармасында жұмыс істеді.2008-2014 жылдары – "Сити" инвестбанкінде (Лондон, Ұлыбритания) аға талдаушы, вице-президент көмекшісі, акциялар нарығындағы жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионның вице-президенті.2014-2015 жылдары – "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).2015-2017 жылдары – "Ситибанк Қазақстанның" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.2017-2020 жылдары – Ресей Ситибанкінде Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.2020 жылдан 2022 жылға дейін "Сити" инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры қызметін атқарды.2022 жылы ақпанда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы болды.2023 жылы қыркүйекте өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.
https://sputnik.kz/20250228/qanat-sharlapaev-onerkasip-zhane-qurylys-ministri-qyzmetinen-bosatyldy-51220343.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/0d/46274918_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_29a159de6695696f436993ba803f80ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тағайындау, "атамекен" ұкп, жеке кәсіпкерлер
тағайындау, "атамекен" ұкп, жеке кәсіпкерлер
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басшысы сайланды
12:14 23.01.2026 (жаңартылды: 12:49 23.01.2026) Бұған дейін Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметіне Қанат Шарлапаев тағайындалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Президиумның жаңа төрағасын бүгін Ұлттық палатаның XIII съезінде сайлады. Қанат Шарлапаев палатаны төрт жыл басқарған Райымбек Баталовтың орнына келді.
Бұған дейін Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған. Былтыр қыркүйекте осы қызметтен
босатылған болатын.
Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген.
Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.
2006-2008 жылдары "Сити" инвестбанкінің (Ұлыбритания, Чехия) өңірлік кеңсесінің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, сату басқармасында жұмыс істеді.
2008-2014 жылдары – "Сити" инвестбанкінде (Лондон, Ұлыбритания) аға талдаушы, вице-президент көмекшісі, акциялар нарығындағы жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионның вице-президенті.
2014-2015 жылдары – "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).
2015-2017 жылдары – "Ситибанк Қазақстанның" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.
2017-2020 жылдары – Ресей Ситибанкінде Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.
2020 жылдан 2022 жылға дейін "Сити" инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры қызметін атқарды.
2022 жылы ақпанда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы болды.
2023 жылы қыркүйекте өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.