Астанада мас кезінде көлік жүргізген судья қызметінен босатылды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Астанада мас кезінде көлік жүргізген судья А. К. Досаева қызметінен босатылды, деп хабарлайды Жоғарғы сот кеңесі.
Ведомство жанындағы Сот жюриі 22 қаңтарда шешім шығарды.
"Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы А. К. Досаева судьялық әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, судья қызметінен босатылды", - дейді Жоғарғы сот кеңесі.
Еске сала кетейік, судья Досаева былтыр қарашада мас күйде көлік басқарған. Рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлік рөлінде судья болған.
Судьяның мәселесі жоғарғы сотта қаралды. Ішкі істер министрлігі бұл фактіге қатысты материалды Бас прокуратураға жолдаған. Ал прокуратура шара қолдану үшін Жоғарғы сот кеңесіне ұсыныс енгізген.
Дорожно-патрульная полиция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2025
Астанада судья мас күйде көлік жүргізген
Жаңалықтар
0