Мас кезінде көлік жүргізген судьяның мәселесі Жоғарғы сотта қаралады

© SputnikВерховный суд РК
Верховный суд РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Жазылу
Судья жазадан құтылмайды
АЛМАТЫ, 5 қараша – Sputnik. Астанада мас кезінде көлік жүргізген судьяның мәселесі Жоғарғы сотта қаралады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық сотқа сілтеме жасап.
Судьяға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды Ішкі істер министрлігі Бас прокуратураға жолдады.
"Бас прокуратура қолданыстағы тәртіпке сәйкес судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Жоғары Сот кеңесіне ұсыныс енгізеді", - дейді ведомство.
Ведомствоның мәліметінше, барлық қажетті тексерісті уәкілетті органдар заңнама талаптарына сәйкес жүргізіп жатыр. Судья жазадан құтылмайды.
Еске сала кетейік, 2 қарашада Астанада полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады. Кейіннен оның Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы екені белгілі болды.
Дорожно-патрульная полиция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2025
Астанада судья мас күйде көлік жүргізген
Жаңалықтар
0