https://sputnik.kz/20260123/aqsh-tyn-bazh-salygyna-baylanysty-qazaqstan-glyutenge-balamaly-naryq-izdeuge-mazhbur-60631079.html
АҚШ-тың баж салығына байланысты Қазақстан глютенге балама нарық іздеуге мәжбүр
АҚШ-тың баж салығына байланысты Қазақстан глютенге балама нарық іздеуге мәжбүр
Sputnik Қазақстан
Елдегі жалғыз бидай, биоэтанол және глютен өндірушісі жеткізу географиясын кеңейтіп жатыр 23.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-23T13:40+0500
2026-01-23T13:40+0500
2026-01-23T13:41+0500
қазақстан
ақш
нарық
https://sputnik.kz/img/07ea/01/17/60622282_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_cded2eacfd18e05610a0dd72e4cf0f8d.png
АСТАНА, 23 қаңтар - Sputnik. 2026 жылы Қазақстан алғаш рет бидай глютені мен крахмалды БАӘ-ге экспорттады.Өнімді Солтүстік Қазақстан облысынан Biooperations компаниясы жөнелтті. Бұл ТМД-дағы жалғыз биоэтанол өндірушісі және Қазақстанда бидай глютені мен бидай крахмалын өндіретін жалғыз кәсіпорын.Biooperations зауытының бас директоры Евгений Келин атап өткендей, АҚШ енгізген 25% баж жеткізу географиясын кеңейтуге түрткі болды.Компанияның алдағы жоспарлары - қазақстандық бидайды терең өңдеу өнімдеріне қызығушылық танытатын Израиль мен Мексика нарықтарына шығу. Сондай-ақ биоэтанолды Қытайға биоотын саласында пайдалану үшін жеткізуге ниетті.Зауыттың өндірістік қуаты жылына 340 мың тонна астық өңдеуден асады, экспорттың негізгі бағыттары - ТМД елдері, Еуроодақ және АҚШ. Сондай-ақ Колумбия, Қытай және басқа елдер бар.
https://sputnik.kz/20260113/tramp-iranmen-sauda-zhurgizetin-elderge-bazh-engizdi--qazaqstan-oz-ustanymyn-zhariyalady-60363756.html
қазақстан
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/17/60622282_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_934468cbbed878bb8e48f2456f685fe5.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ақш, нарық
АҚШ-тың баж салығына байланысты Қазақстан глютенге балама нарық іздеуге мәжбүр
13:40 23.01.2026 (жаңартылды: 13:41 23.01.2026) Елдегі жалғыз бидай, биоэтанол және глютен өндірушісі жеткізу географиясын кеңейтіп жатыр
АСТАНА, 23 қаңтар - Sputnik. 2026 жылы Қазақстан алғаш рет бидай глютені мен крахмалды БАӘ-ге экспорттады.
Өнімді Солтүстік Қазақстан облысынан Biooperations компаниясы жөнелтті. Бұл ТМД-дағы жалғыз биоэтанол өндірушісі және Қазақстанда бидай глютені мен бидай крахмалын өндіретін жалғыз кәсіпорын.
Biooperations зауытының бас директоры Евгений Келин атап өткендей, АҚШ енгізген 25% баж жеткізу географиясын кеңейтуге түрткі болды.
"Қазақстандық өнімге қатысты шектеулерді қоса алғанда, АҚШ-тағы импорттық баж салығы өскендіктен, біз экспорттық ағындардың баламалы бағытын табуға мәжбүр болдық. Нәтижесінде, 2025 жылдың желтоқсанында кәсіпорын бидай глютенін Жапонияға жөнелтуді бастады. Компания кешенді мемлекеттік қолдаудың арқасында экспорт географиясын кеңейтіп жатыр", - деді компанияда.
Компанияның алдағы жоспарлары - қазақстандық бидайды терең өңдеу өнімдеріне қызығушылық танытатын Израиль мен Мексика нарықтарына шығу. Сондай-ақ биоэтанолды Қытайға биоотын саласында пайдалану үшін жеткізуге ниетті.
Зауыттың өндірістік қуаты жылына 340 мың тонна астық өңдеуден асады, экспорттың негізгі бағыттары - ТМД елдері, Еуроодақ және АҚШ. Сондай-ақ Колумбия, Қытай және басқа елдер бар.