https://sputnik.kz/20260113/tramp-iranmen-sauda-zhurgizetin-elderge-bazh-engizdi--qazaqstan-oz-ustanymyn-zhariyalady-60363756.html
Трамп Иранмен сауда жүргізетін елдерге баж салығын енгізді – Қазақстан ұстанымы
Трамп Иранмен сауда жүргізетін елдерге баж салығын енгізді – Қазақстан ұстанымы
Sputnik Қазақстан
Трамптың айтуынша, ондай баж салығы АҚШ-пен жүргізілетін кез келген бизнеске салынады 13.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-13T17:36+0500
2026-01-13T17:36+0500
2026-01-13T17:38+0500
қазақстан
ақш
салық
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0b/60316887_0:309:3092:2048_1920x0_80_0_0_58fa65b411530190c9fb8e2f89bbef38.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдерге қатысты мәлімдемесіне қатысты өз ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін АҚШ президенті Иранмен сауда жасайтын елдер үшін 25 проценттік баж салынатынын мәлімдеді. Трамптың айтуынша, ондай баж салығы АҚШ-пен жүргізілетін кез келген бизнеске салынады.Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отырғанын хабарлады.Бүгін Тоқаев АҚШ-пен келіссөз жүргізетін адамды да бекітті. Бұл жұмыспен Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Ержан Қазыхан айналысады.Айта кетері, былтыр желтоқсан айында Қазақстанға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келіп кеткен. Сол кезде бірнеше құжатқа қол қойылған болатын. Иран Қазақстан экономикасына 17,8 миллион доллар тікелей инвестиция салған. Ал Қазақстан Иранға жалпы құны кемінде 200 миллион доллар болатын тауар тасымалдауға дайын.
https://sputnik.kz/20250710/aqsh-qazaqstan-importyna-bazh-salygyn-saldy-toqaev-trampqa-zhauap-zholdady-55529257.html
қазақстан
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0b/60316887_306:0:3037:2048_1920x0_80_0_0_cba67fcd0057ad65b6f6f1f8eb16861b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ақш, салық
Трамп Иранмен сауда жүргізетін елдерге баж салығын енгізді – Қазақстан ұстанымы
17:36 13.01.2026 (жаңартылды: 17:38 13.01.2026) Трамптың айтуынша, ондай баж салығы АҚШ-пен жүргізілетін кез келген бизнеске салынады
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдерге қатысты мәлімдемесіне қатысты өз ұстанымын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгін АҚШ президенті Иранмен сауда жасайтын елдер үшін 25 проценттік баж салынатынын мәлімдеді. Трамптың айтуынша, ондай баж салығы АҚШ-пен жүргізілетін кез келген бизнеске салынады.
Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отырғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты Министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалауда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы өзіне алған халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымды басшылыққа алады", - дейді министрліктің ресми өкілі Тойгүл Жұбанисова.
Бүгін Тоқаев АҚШ-пен келіссөз жүргізетін адамды да бекітті. Бұл жұмыспен Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Ержан Қазыхан айналысады.
Айта кетері, былтыр желтоқсан айында Қазақстанға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға ресми сапармен келіп кеткен. Сол кезде бірнеше құжатқа қол қойылған болатын. Иран Қазақстан экономикасына 17,8 миллион доллар тікелей инвестиция салған. Ал Қазақстан Иранға жалпы құны кемінде 200 миллион доллар болатын тауар
тасымалдауға дайын.