Қазақстан "Достастық" халықаралық кинофестивалін құруды ұсынды

Еуразия Кинофест - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2026
Жазылу
Іс-шараға ТМД елдерінің фильмдері қатысады
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. ТМД штаб-пәтерінде сарапшылар тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Парламентаралық Ассамблеяның баспасөз қызметі.
Қазақстанның "Достастық" кинофестивалін құру туралы бастамасы талқыланды.
Сарапшылар жобаны пысықтады, фестиваль ережелерін және басқа да мәселелерді қарастырды.

"Құжатқа пікірлер мен ұсыныстар енгізілді. Ереженің пысықталған жобасы ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында талқыланады", - делінген хабарламада.

Кинофестивалді екі жылда бір рет ТМД елдері арасында кезекпен өткізу жоспарлануып отыр. Мәдени іс-шараның бастамашысы ретінде кинофестиваль алдымен Қазақстанда ұйымдастырылады.
Маңғыстау облысындағы Қорқыт ата халықаралық кинофестиваліне келген Бурак Озчивит - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Танымал түрік актері Ақтаудағы халықаралық кинофестивальге қатысты
Жаңалықтар
0