Танымал түрік актері Ақтаудағы халықаралық кинофестивальге қатысты

© Photo : Пресс-служба акимата Мангистауской областиМаңғыстау облысындағы "Қорқыт ата" халықаралық кинофестиваліне келген Бурак Озчивит
Маңғыстау облысындағы Қорқыт ата халықаралық кинофестиваліне келген Бурак Озчивит - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Жазылу
Ауқымды шараға түрлі елдерден келген 250-ден астам мәдениет қайраткері қатысты
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында түркі халықтарының "Қорқыт ата" халықаралық кинофестивалі ашылды.
Шараға қатысушылар мен қонақтардың қатарында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали және Әзербайжан, Түркия, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия және Қазақстаннан 250-ден астам өнер қайраткері болды.
© Photo : Пресс-служба акимата Мангистауской областиМаңғыстау облысындағы "Қорқыт ата" халықаралық кинофестиваліне келген Бурак Озчивит
Бурак Озчивит на Международном кинофестивале тюркских стран в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Маңғыстау облысындағы "Қорқыт ата" халықаралық кинофестиваліне келген Бурак Озчивит
Дәстүр бойынша кинофестивальде кино жұлдыздары жүріп өтетін қызыл кілем төселді. Солардың бірі – түріктің танымал актері Бурак Озчивит. Актерді жиналған қауым бірден қоршап алып, онымен бірге суретке түсіп, қолтаңба алды.
Озчивит және басқа да танымал актерлер түрлі шараларға қатысып, жанкүйерлермен және БАҚ өкілдерімен кездеседі.
© Photo : Пресс-служба акимата Мангистауской областиМаңғыстау облысындағы түркі халықтарының "Қорқыт ата" халықаралық кинофестивалі
Международный кинофестиваль тюркских стран в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Маңғыстау облысындағы түркі халықтарының "Қорқыт ата" халықаралық кинофестивалі
Түркі халықтары кинофестивалінің Ақтауда өтуі – облыс үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін үлкен мәртебе, деді ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов.

"Кино – халықты жақындастыратын, ортақ дүниетаным мен тарихи тамырды байланыстыратын ұлы күш. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Мәдениет – халықтың рухани тірегі, ал өнер – ұлттың болмысын айқындайтын асыл қазына" деген болатын. Бұл фестиваль – сол рухани тіректің жарқын көрінісі", – деді Асхат Оралов.

© Photo : Пресс-служба акимата Мангистауской областиМаңғыстау облысындағы түркі халықтарының "Қорқыт ата" халықаралық кинофестивалі
Международный кинофестиваль тюркских стран в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Маңғыстау облысындағы түркі халықтарының "Қорқыт ата" халықаралық кинофестивалі
5 күнге жалғасатын шарада Маңғыстауда кинематографиялық саммит, кино саласының майталмандарымен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады, тәжірибе алмасады. Аталған шара аясында әртүрлі жанрдағы байқаулық және байқаудан тыс 50-ге жуық фильм тегін көрсетіледі.
Қонақтар Маңғыстау облысының табиғи көрікті жерлері– Бозжыра, Айрақты, Торыш алқабы мен басқа да табиғи орындарға саяхат жасап, өңірдің мәдениетімен жақынырақ танысу мүмкіндігі қарастырылған.
«Балқадиша» әнімен желіде танымал болған дзюдошы бала Димаштың концертінде өнер көрсетті
Жаңалықтар
0