Шымкенттегі трагедия: күдіктілер ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Жазылу
40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Шымкентте жолда төбелесіп, адам өлтірді деген күдікке ілінген 4 ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
"Қазіргі уақытта жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Бұл факт бойынша "адам өлтіру", "бұзақылық" және "адам ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.
Күдіктілерді анықтап, ұстау үшін полиция департаментінің барлық күші мен құралдары жұмылдырылды. Қылмыстық істің мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, Шымкентте жүргізушілер жолға таласып, жанжалдасқан. Салдарынан 40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді. Оқиға 20 қаңтарда күндіз болған.
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Атырауда көлік жүргізушілері төбелесті
Жаңалықтар
0