Атырауда көлік жүргізушілері төбелесті

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Жазылу
Жүргізушілер бір-біріне жол бермеген
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Атырауда көлік жүргізушілері төбелесіп қалды. Бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 17 қараша сағат 09:50 шамасында М.Баймұханов көшесінде болған.
"Hyundai маркалы автокөліктің 24 жастағы жүргізушісі мен Toyota автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі арасында келіспеушілік туындаған. Салдарынан жас жүргізуші 38 жастағы ер адамның қолына жарақат келтірген", - дейді ведомство.
24 жастағы жүргізуші №2 қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына жеткізілген.
Сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару және міндетті сақтандыру шартын жасамау бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Оқиға
Полиция Павлодарда көшеде болған жаппай төбелеске қатысушыларды тапты
Жаңалықтар
0