Медициналық қызметті лицензиялаудың бес жылдық мерзімін енгізу қарастырылып жатыр

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаНовые медицинские объекты в Карагандинской области
Новые медицинские объекты в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2026
Жазылу
Қазақстанда медициналық қызметке лицензиясы бар 22 905 денсаулық сақтау субъектісі тіркелген
АСТАНА, 21 қаңтар - Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялаудың бес жылдық мерзімін енгізуді қарастырып жатыр.
Медициналық ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында денсаулық сақтау министрлігі қазіргі қолданыстағы мерзімсіз лицензия беру практикасының орнына медициналық қызметті лицензиялаудың бес жылдық мерзімін кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
"Бекітілген 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде белгіленген стандарттарға сәйкестікті міндетті түрде қайта бағалай отырып, медициналық қызметке лицензияның мерзімсіз орнына бес жылдық қолданылу мерзімін енгізу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Шара кадрлық әлеуетті, материалдық-техникалық базаны және көрсетілетін қызметтердің сапасын тұрақты бағалауға бағытталған.
Сонымен қатар, 2026 жылғы қаңтардан бастап денсаулық сақтау саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінгі алғашқы үш жыл ішінде тексеруге тыйым салу нормасы алынып тасталады.
Бұл шара қадағалау шарттарын теңестіруге және медициналық ұйымдар жұмысының ерте кезеңдерінде жүйелі бұзушылықтардың жинақталуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Министрлік хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстанда медициналық қызметке лицензиясы бар 22 905 денсаулық сақтау субъектісі, оның ішінде 8 803 мемлекеттік медициналық ұйым, 14102 жеке денсаулық сақтау субъектісі тіркелген.
40 мыңға жуық адамға қашықтан қызмет көрсетілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2025
Онлайн медицина: 40 мыңға жуық адамға қашықтан қызмет көрсетілді
Жаңалықтар
0