https://sputnik.kz/20251215/onlayn-meditsina-40-mynga-zhuyq-adamga-qashyqtan-qyzmet-korsetildi-59620697.html
Онлайн медицина: 40 мыңға жуық адамға қашықтан қызмет көрсетілді
Онлайн медицина: 40 мыңға жуық адамға қашықтан қызмет көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Ең көп қызмет Алматы қаласында — 12 646, Қарағанды қаласында — 2 545 және Астана қаласында — 22 672 көрсетілді 15.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-15T21:15+0500
2025-12-15T21:15+0500
2025-12-15T21:15+0500
медицина
халық
ауыл
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0f/59624422_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_2f01f920f7c90baf457ac9cccfb5f028.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. 15 қыркүйекте басталған "Онлайн медицина" пилоттық жобасы аясында 40 мыңға жуық адамға қашықтан қызмет көрсетілді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Жоба ең шалғай ауылдық өңірлердің тұрғындары үшін медициналық көмекті жақын әрі қолжетімді етуге бағытталған."Онлайн медицина" тоғыз өңірді — Ақмола мен Ақтөбеден Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы облысы мен Астанаға дейін қамтып, 100 медициналық ұйым мен жеті телемедициналық шешім өнімберушілерді біріктірді.Ең көп қызмет Алматы қаласында — 12 646, Қарағанды қаласында — 2 545 және Астана қаласында — 22 672 көрсетілді. Алматы облысында ауылдық аумақтар үшін ерекше әсер байқалады: барлық қашықтықтан көрсетілетін қызметтердің 94,3%-ы дәл сол жерде көрсетілген.
https://sputnik.kz/20251201/10-ayda-eldegi-zhedel-zhardem-66-millionnan-astam-shaqyrtuga-qyzmet-korsetti-59271664.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0f/59624422_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_56d8eb8e2d3e63c8089f47ae78c19269.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина, халық, ауыл
Онлайн медицина: 40 мыңға жуық адамға қашықтан қызмет көрсетілді
Ең көп қызмет Алматы қаласында — 12 646, Қарағанды қаласында — 2 545 және Астана қаласында — 22 672 көрсетілді
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. 15 қыркүйекте басталған "Онлайн медицина" пилоттық жобасы аясында 40 мыңға жуық адамға қашықтан қызмет көрсетілді, деп хабарлады денсаулық сақтау
министрлігі.
Жоба ең шалғай ауылдық өңірлердің тұрғындары үшін медициналық көмекті жақын әрі қолжетімді етуге бағытталған.
"Онлайн медицина" тоғыз өңірді — Ақмола мен Ақтөбеден Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы облысы мен Астанаға дейін қамтып, 100 медициналық ұйым мен жеті телемедициналық шешім өнімберушілерді біріктірді.
"Жобаны іске асыру барысында 39 569 қашықтықтан медициналық қызметтер көрсетілді, олардың ішінде диагностикалық қызметтер басым — 24 923, алайда мамандардың консультациялық қызметтері де айтарлықтай бөлігін — 12 645, сондай-ақ 2 000-нан астам зертханалық зерттеуді құрайды", - деп жазылған хабарламада.
Ең көп қызмет Алматы қаласында — 12 646, Қарағанды қаласында — 2 545 және Астана қаласында — 22 672 көрсетілді. Алматы облысында ауылдық аумақтар үшін ерекше әсер байқалады: барлық қашықтықтан көрсетілетін қызметтердің 94,3%-ы дәл сол жерде көрсетілген.