https://sputnik.kz/20260120/oqushylar-aqauy-bar-avtobuspen-tasymaldangany-ushin-mektep-direktorlary-zhauapqa-tartyldy-60532878.html
Оқушылар ақауы бар автобуспен тасымалданғаны үшін мектеп директорлары жауапқа тартылды
Оқушылар ақауы бар автобуспен тасымалданғаны үшін мектеп директорлары жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Ғ.Мүсірепов ауданы Шөптікөл ауылындағы мектеп автобусында қауіпсіздік белдіктері ақаулы жағдайда болған, бұл жол қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сай... 20.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-20T10:02+0500
2026-01-20T10:02+0500
2026-01-20T10:03+0500
мектеп
автобус
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/11/33025946_0:73:1392:856_1920x0_80_0_0_91e2cef47baaf1554953660e72123b66.jpg
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мектеп автобустарын пайдалану кезіндегі бұзушылықтарды анықтады.Ғ.Мүсірепов ауданы Шөптікөл ауылындағы мектеп автобусында қауіпсіздік белдіктері ақаулы жағдайда болған, бұл жол қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сай келмейді.Сол ауданда Бірлік, Салқынкөл, Тахтаброд және Калиновка мектептерінің мектеп автобустарында дабыл түймелері жұмыс істемей тұрған.Бұл ретте Шал ақын және Ғ.Мүсірепов аудандарындағы мектеп автобустарында пайдалану мерзімі өтіп кеткен өрт сөндіргіштер пайдаланылған, білім беру ұйымдарының жүргізушілері ереже талаптарын бұза отырып, борттық журналдар жүргізбеген.Петропавл қаласында оқу орындарының жекелеген жүргізушілері жолға шығар алдында міндетті медициналық тексеруден өтпей, оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар, оның ішінде мектеп директорлары заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, анықталған бұзушылықтар жойылып, көліктер белгіленген талаптарға сәйкестендірілді.Қабылданған шаралар 457 кәмелетке толмағанның құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті.
https://sputnik.kz/20260110/zhol-ustinde-bilegen-oralda-qyzdar-zhauapqa-tartyldy-60302886.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/11/33025946_78:0:1315:928_1920x0_80_0_0_74ba0b12492747ce8cdf525abb380020.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, автобус, солтүстік қазақстан облысы
мектеп, автобус, солтүстік қазақстан облысы
Оқушылар ақауы бар автобуспен тасымалданғаны үшін мектеп директорлары жауапқа тартылды
10:02 20.01.2026 (жаңартылды: 10:03 20.01.2026) Ғ.Мүсірепов ауданы Шөптікөл ауылындағы мектеп автобусында қауіпсіздік белдіктері ақаулы жағдайда болған, бұл жол қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сай келмейді
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мектеп автобустарын пайдалану кезіндегі бұзушылықтарды анықтады.
"Мысалы, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов аудандарының оқу орындарында мектеп автобустарын "Балаларды тасымалдау" сары жыпылықтайтын шамдармен және міндетті сәйкестендіру белгілерімен жабдықтау бойынша тиісті шаралар қабылданбаған", - дейді бас прокуратурада.
Ғ.Мүсірепов ауданы Шөптікөл ауылындағы мектеп автобусында қауіпсіздік белдіктері ақаулы жағдайда болған, бұл жол қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сай келмейді.
Сол ауданда Бірлік, Салқынкөл, Тахтаброд және Калиновка мектептерінің мектеп автобустарында дабыл түймелері жұмыс істемей тұрған.
Бұл ретте Шал ақын және Ғ.Мүсірепов аудандарындағы мектеп автобустарында пайдалану мерзімі өтіп кеткен өрт сөндіргіштер пайдаланылған, білім беру ұйымдарының жүргізушілері ереже талаптарын бұза отырып, борттық журналдар жүргізбеген.
Петропавл қаласында оқу орындарының жекелеген жүргізушілері жолға шығар алдында міндетті медициналық тексеруден өтпей, оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар, оның ішінде мектеп директорлары заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, анықталған бұзушылықтар жойылып, көліктер белгіленген талаптарға сәйкестендірілді.
Қабылданған шаралар 457 кәмелетке толмағанның құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті.