Жол үстінде билеген: Оралда қыздар жауапқа тартылды

© Sputnik / Болат ШайхиновБағдаршам
Бағдаршам - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2026
Жазылу
Құқық бұзған қыздар полиция жеткізілген
АСТАНА, 10 қаңтар - Sputnik. Орал қаласында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Бейнежазбаларда көлік құралдарының қозғалысы кезінде екі бойжеткеннің жол бойында билегені түсірілген.
"Бұл әрекеттер жол қауіпсіздігі талаптарын бұзды, олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірді. Сондай-ақ жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірді", - дейді полицияда.
Сонымен қатар олар өз әрекеттерімен қоғамдық тәртіпті бұзды, дейді құқық қорғаушылар.
Құқық бұзған қыздар полиция жеткізілген. Оларға қатысты "Ұсақ бұзақылық" және "Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың қозғалыс қағидаларын бұзуы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2025
Жол үстінде жарнамаға арналған видео түсіргендер жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0