Жол үстінде жарнамаға арналған видео түсіргендер жауапқа тартылды

CC0 / / Жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігі
Жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2025
Жазылу
Бұл әрекет көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп, ұсақ бұзақылық ретінде сараланды
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Алматыда жарнама үшін жолды жапқан дәмхана қызметкерлерінің ісі сотта қаралды, деп хабарлады облыстық сот.
Алматыдағы дәмхананың үш қызметкері мекеменің жарнама бейнеролигін түсіру үшін мегаполистің қозғалыс көп даңғылындағы жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігіне үстел қойып, қозғалысты бөгеп тастаған.
"Бұл әрекет көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп, ұсақ бұзақылық ретінде сараланды. Оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-бабы 1-бөлігі "Айналадағыларға құрметсіздік таныту және қоғамдық тәртіпті бұзу" бойынша іс қозғалды", - дейді ведомстводағылар.
Үш айыпталушы да кінәсін мойындаған.
Соттың қаулысымен түсірілімге қатысушылар кінәлі деп танылып оларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – әрқайсысына 78 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Тапанша - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2025
Қоғамдық орында әйелді қарумен қорқытқан ер адам жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0