https://sputnik.kz/20251203/qogamdyq-orynda-ayeldi-qarumen-qorqytqan-er-adam-zhauapqa-tartyldy-59326899.html
Қоғамдық орында әйелді қарумен қорқытқан ер адам жауапқа тартылды
Қоғамдық орында әйелді қарумен қорқытқан ер адам жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Ер адам алкогольдік мас күйінде пневматикалық қаруды сермеп, оны қолданамын деп азаматтарды қорқытқан 03.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-03T22:03+0500
2025-12-03T22:03+0500
2025-12-03T22:03+0500
қостанай
тапанша
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_46ae5f393689893bb4361b19a7a02f58.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Ит жетектеген әйелге қару кезенген ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлады Қостанай қалалық сотының баспасөз қызметі.Қоғамдық орында пневматикалық қаруды қолданамын деп қорқытуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қарады.Сот талқылауы барысында анықталғандай, оқиға 2025 жылдың 27 қарашасында шамамен 21:40-та Қостанай қаласында болған.Айыпталушы өз сөзінде қаруды үйдің кіреберісінен тауып алғанын, оны көтеріп, ит пен оның иесін көрген кезде өзін-өзі қорғау мақсатында олардың жағына бағыттағанын айтқан.Әйелдің айтуынша, ол итпен бірге сыртқа шыққан кезде оның артынан қолында қаруы бар көршісі шығып, қаруды бірден оның жағына бағыттаған. Әйел қаруды тартып алмақ болған, алайда көршісі қарсыласқан. Оның айқайын естіген туыстары сыртқа жүгіріп шығып, олардың бірі ер адамның қолынан қаруды жұлып алған.Сот талқылауының қорытындысы бойынша сот ер адамға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20251202/aliment-toleudin-ornyna-qumar-oyyn-oynagan-almatylyq-zhauapqa-tartyldy-59290212.html
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_205:0:1913:1281_1920x0_80_0_0_657c41941f3220ae356c825e91b08703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, тапанша, қылмыс
қостанай, тапанша, қылмыс
Қоғамдық орында әйелді қарумен қорқытқан ер адам жауапқа тартылды
Ер адам алкогольдік мас күйінде пневматикалық қаруды сермеп, оны қолданамын деп азаматтарды қорқытқан
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Ит жетектеген әйелге қару кезенген ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлады
Қостанай қалалық сотының баспасөз қызметі.
Қоғамдық орында пневматикалық қаруды қолданамын деп қорқытуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қарады.
Сот талқылауы барысында анықталғандай, оқиға 2025 жылдың 27 қарашасында шамамен 21:40-та Қостанай қаласында болған.
"Ер адам алкогольдік мас күйінде пневматикалық қаруды сермеп, оны қолданамын деп азаматтарды қорқытқан. Сонымен қатар ол қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған", - деп жазылған хабарламада.
Айыпталушы өз сөзінде қаруды үйдің кіреберісінен тауып алғанын, оны көтеріп, ит пен оның иесін көрген кезде өзін-өзі қорғау мақсатында олардың жағына бағыттағанын айтқан.
Әйелдің айтуынша, ол итпен бірге сыртқа шыққан кезде оның артынан қолында қаруы бар көршісі шығып, қаруды бірден оның жағына бағыттаған. Әйел қаруды тартып алмақ болған, алайда көршісі қарсыласқан. Оның айқайын естіген туыстары сыртқа жүгіріп шығып, олардың бірі ер адамның қолынан қаруды жұлып алған.
Сот талқылауының қорытындысы бойынша сот ер адамға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.