https://sputnik.kz/20260119/konstitutsiyanyn-birneshe-bolimin-qayta-qarau-qazhet-bolady---toqaev-60513170.html
Конституцияның бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады - Тоқаев
Конституцияның бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент бұл Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін қажетті шара екенін айтты 19.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-19T13:01+0500
2026-01-19T13:01+0500
2026-01-19T13:01+0500
президент
реформа
парламент
https://sputnik.kz/img/07ea/01/13/60511754_0:57:1280:777_1920x0_80_0_0_75458e2fc23f26ba6b648e6010c38e00.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады, деп хабарлады Ақорда.Астанада президенттің қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.Жиында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев мемлекет басшысына Жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндады.Атап айтқанда, былтырғы қазан айынан бері өтіп келе жатқан отырыстарда жаңа Парламентке қатысты мәселелердің бәрі қаралды. Оның ішінде депутаттар саны, өкілеттік мерзімдері, сайлау тәртібі, бір палаталы Парламенттің заң шығару тетіктері, сондай-ақ оның биліктің өзге институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылды.Отырысты қорытындылаған мемлекет басшысы алдағы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды.Саяси жүйені одан әрі реформалаудың маңызы мен мазмұнына тоқталған президент институционалдық негізді терең жаңғырту және заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет екенін айтты
https://sputnik.kz/20260112/barlyq-pikir-men-bastamany-eskeru-qazhet---toqaev-konstitutsiyalyq-reforma-turaly-60339913.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/13/60511754_80:0:1200:840_1920x0_80_0_0_d09b88a338e473db18d0e64fc3e87af7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, реформа, парламент
президент, реформа, парламент
Конституцияның бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады - Тоқаев
Президент бұл Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін қажетті шара екенін айтты
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады, деп хабарлады Ақорда.
Астанада президенттің қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жиында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев мемлекет басшысына Жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндады.
Атап айтқанда, былтырғы қазан айынан бері өтіп келе жатқан отырыстарда жаңа Парламентке қатысты мәселелердің бәрі қаралды. Оның ішінде депутаттар саны, өкілеттік мерзімдері, сайлау тәртібі, бір палаталы Парламенттің заң шығару тетіктері, сондай-ақ оның биліктің өзге институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылды.
Отырысты қорытындылаған мемлекет басшысы алдағы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды.
Саяси жүйені одан әрі реформалаудың маңызы мен мазмұнына тоқталған президент институционалдық негізді терең жаңғырту және заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет екенін айтты
"Ертең Ұлттық құрылтай отырысында мен еліміздің тағдырына қатысты бұл мәселе бойынша нақты пікірлерімді айтамын. Нақтылай айтқанда, еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатыр. Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады. Сондықтан Ата заңымызға осыған дейін енгізілген өзгертулерді ескерсек, Жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы Қазақстанның шын мәнінде жаңа Конституциясы туралы айтуға мүмкіндік береді", – деді Тоқаев.