https://sputnik.kz/20260112/barlyq-pikir-men-bastamany-eskeru-qazhet---toqaev-konstitutsiyalyq-reforma-turaly-60339913.html
Тоқаев Ұлттық құрылтай күнін белгіледі
Тоқаев Ұлттық құрылтай күнін белгіледі
Sputnik Қазақстан
Отырыста жаңа парламенттің басты мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері талқыланады 12.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-12T18:31+0500
2026-01-12T18:31+0500
2026-01-12T19:24+0500
президент
реформа
парламент
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0c/60339753_0:16:1280:736_1920x0_80_0_0_0d539c6f43a60002bf902f434b7d32fd.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Президент конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді.Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін айтты.5 қаңтарға жоспарланған келесі отырыста жаңа парламенттің басты мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері талқыланады.Ержан Жиенбаев мемлекет басшысын конституциялық реформаға қатысты Жұмыс тобы мүшелері мен жұртшылықтан келіп түскен жаңа ұсыныстармен таныстырды.Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын өткізуді осы жылдың 20 қаңтарына белгілеп, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20260105/aktivteri-boyynsha-kudikke-ilingender-qarzhysyn-elge-investitsiyalauga-niet-bildirdi---toqaev-60143476.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0c/60339753_139:0:1142:752_1920x0_80_0_0_251e25e1524d4f25df05abd0606496d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, реформа, парламент
президент, реформа, парламент
Тоқаев Ұлттық құрылтай күнін белгіледі
18:31 12.01.2026 (жаңартылды: 19:24 12.01.2026) Отырыста жаңа парламенттің басты мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері талқыланады
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Президент конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді.
Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін айтты.
5 қаңтарға жоспарланған келесі отырыста жаңа парламенттің басты мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері талқыланады.
Ержан Жиенбаев мемлекет басшысын конституциялық реформаға қатысты Жұмыс тобы мүшелері мен жұртшылықтан келіп түскен жаңа ұсыныстармен таныстырды.
"Президент барлық пікір мен бастаманы ескеру қажет екенін айтты. Сондай-ақ конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар кездесуде Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетін бесінші отырысына дайындық мәселесі қаралды", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын өткізуді осы жылдың 20 қаңтарына белгілеп, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді.